Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


ниет пен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Ә сіресе, араб тілінің



Pdf көрінісі
бет47/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

ниет пен ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Ә сіресе, араб тілінің
маңызы зор болды. Ортақ тілде жазылған шығармалар халықты бір-біріне
жақындата түсті.
IX ғ. Орта Азия аймағында өте тұрақты жағдай орнады. Сонымен бірге
бұл өлкеде X ж ән е XI ғ. өзін де-ақ Халифат, яғни Бағдадтан басталған
тәуелсіздік дәні өркен жайып, Газнауид пен Саманид сияқты ірі мемлекет-
тер құрыла бастады. Меншікті бектіктер — Гурган мен Хорезм пайда болды.
Осылайша, Орталық Азияда атаулы ғалымдар тобы өсіп шықты. Соның бірі
дана ғалым — Бируни еді. Бируни мен Ибн Сина Түркістанның туын ұлы
Тұранның мәртебісін көтерді.
Бір-бірімен сырттай танысқанда, Бируни— 25 жаста, ал Ибн Сина— 18-де
еді. Бируни Орта Азиядағы қанды қақтығыс, өзара тартыс кезінде өмір
сүрді. Ол уақытта бір мемлекет енді пайда болса, екіншісі жойылып жата-
тын. Мұның бәрі түркі тектес халықтардың қосылып, біртұтас мемлекетке
айналуына басты бөгет болды. Соған қарамастан Бируни ғылыммен шұғыл-
данды. Сүйікті ісіне деген риясыз қызметімен ол әлемдік ғылым тарихында
өзіндік ізін қалдырып, туған халқына рухани ескерткіш орнатты. Бирунидің
тұңғыш трактаты Лейденде сақталған. Бұл трактат IX—X ғ аралығында өмір
сүрген, 925 жылы қайтыс болған Әбу Бәкір Мухаммед ибн Закари Йахьи ар-
Рази деген ирандық ірі химик, дәрігер, жаратылыстанушы, ф илософ қа
арналған.
Бирунидің толық аты-жөні - Әбу Райхан Мухаммад ибн Ахмат Бируни.
Ол өзі тұл жетім өскендіктен, өз өлеңдерінде арғы атасының, тіпті туған
әкесінің де кім екенін білмейтіндігін де меңзейді. “Ирандықтардың отбасы
мені сүтпен асырады, содан соң Мансүр тәрбиелеп өсір ді” (Бируни). Өз
өлендерінде ол былай дейді:
“...Алланың атымен ант етемін, мен өз шежіремді білмеймін”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет