келісімге келді. Шығыс уәлаятында, күллі Түркістан елдерінде Бөгірехан тілінде түркі сөзімен жазылған бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқа- шан жазған е м ес” Әр мемлекетте поэманы әр түрлі атаған. Шын елі “Ә д әб у л -М ү л ік ” ( “Ш ахтардың әдеп-қағидалары ”) деп атады. Машын хакімдері “Айинұл м ем лекет” ( “М емлекеттің д әст ү р і”) д есе, шығыс мемлекеттерінің билеуш ілері “Зйи н әтүл-үм әрә” (“Өмір зейнеті”), иран- дықтар “Шахнәмаи түрки”, тұрандықтар “Құдатғу білік” деген. Поэманың әр шумағынан бірде көне түркінің құлпытасқа жазған жыр үлағат әуезі, бірде парсы өсиетінің сазы, кейде дала өлеңінің әуені немесе сопылар уағызының сарыны естіліп тұрғандай болады. Шығарма авторының тек шалқыған, жақсы өмірді жырлап қоймай, өз за- мандастарының шынайы өмірін де суреттеуі де поэманы шындыққа жақындата түседі. Тұран топырағының түлегі Жүсіп Баласағұн өзінің шын мүсылман екендігін поэмасының алғашқы шумақтарында-ақ жырға қосқан:
54 ________ Асанбай АСК,АРОВ Алла атымен айттым сөздің әлібін, Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім! Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір, Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір... Жаратты ол: жасыл, көк, ай, күн, түнді, Қара жер, ел, заман, уақыт бұл күнді. Тіледі де, жаратты бұл болмысты. “Бол!” — деді де, бірден бәрін болғызды. Жаралғаннның бәрі мұңлық, мұңы көп, Ием ғана, жалғыз шері, мұңы жоқ. Ей, ерікті мәңгі мұңсыз, құдайым, Бұл ат жалғыз саған ғана лайық! Үлылық — сен, толы қүдірет — күш еңсең. Сенен бөлек жоқ өзіңмен түсер тең! Саған өзге кіріге алмас, дарасың, Әуелгі де, соңғы да өзің, сарасың.