тәрізді. Темір Қазаған ханның немересі Хұсейнмен серіктес болған. Ал Қазаған Мауераннахрды билейтін Х ұсейнмен одақ құрған. Темір оның қарындасына үйленген соң байланыстары бұрынғыдан да беки түседі. Ішкі ж әне сыртқы жауларымен күресте жеңіс туын төмендетпеген Хұсейн Мау- ераннахрдың бас әміршісі болып, Темір болса оның оң қолына айналады. Бірақ мінезі құбылмалы Хүсейн Темірмен тұрақты байланыста болмайды. Сондықтан олардың ойлары мен іс-әрекеттері кейде үйлесіп жатса, кейде бір-бірін е деген жек көрушілік кеуделерін кернейтін. Ж еке билік етуге
64
Асанбай АСКА Р О В ұмтылған екеуі де тыным таппайды. Қазаған ханның ұрпақтарынан ер ж үректілігім ен ерекш еленіп, әрі қолбасшы, әрі жауынгер ретінде өзін көрсете білген Темір әскер басы болуға лайык-тын. Әрине, бұны Хұсейн де байқамай қалған жоқ. Темір болса өзінің одан әлдеқайда басым екендігін білді. 1360 жылы Темірдің екі ұлы бар болатын: Жахангір 1376 жылы 20 жасын- да каза табады, ал Омар-шайқыны 1394 жылы қаңтарда өлтіріп кетеді. Үзақ жылдар Х ұсейнмен бірге болған Темір үнемі кейінгі кезекте жүреді. Байланыстары бірнеше рет өзгеріп, тіпті Темір Х ұсейннің қарсы- ластарына да қосылып кетеді. Ақыры, 70 ж. басында Темір Хұсейнді жеңіп тынады. Сол сәттен бастап ол Орта Азиялық алып империяға билік жасай- ды. Өзі үстемдік кұрған жылдарда Темір Таяу Шығыс пен Орталык Шығысты өзіне каратады. Оның империясы ауқымды аймақты алып жатты. Темір тек басқарушы емес, сонымен бірге үлкен отбасының иесі де бол- ды. Әсіресе, әйелдеріне деген көзқарасы ерекше еді. Олар мемлекет ісіне араласпайтын (кейде перзенттерінің тәр тіп сіздігін е күйінген Т ем ірдің