Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»



Pdf көрінісі
бет84/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

Ұлы Тұранның Ү лдары
65
Қатты қаһарланған ол Мираншахты мемлекет басқарудан аластатады. Ал
оның теріс әрекетін қостаған кеңесшілері мен жолдастарын дарға асады.
Аймақтың билігі енді Темір қолына көшеді. Шыңғыс-хан сияқты, оның да
ұлдарынан үміті үзіледі.
Темірдің өз істеріндегі екпінділігін жеті жылдық жорығынан көре ала-
мыз. 
Аттанарда 
ол 
Самарқанды 
Ж ахангірдің 
баласы 

Мүхаммед-Сұлтанға, Ферғананы Омар шейхтың ұлы — Ескендірге тапсыра-
ды. 1400 жылы ата жарлығын бұзғаны үшін Ескендір Ф ерғанадан
Самарқанға, ары қарай Темірге жеткізіліп, дүре соғып, жазаланады. 1401
жылдың соңында Темірдің немересі — Сұлтан-Хұсейн Дамаск қоршауына
байланысты барлауға жіберіледі. Онда ол әзәзіл тілге еріп, жау жағына өтіп
кетеді. Мұны естіген Темір оны тірідей алдына әкелуге әм ір береді.
Немересін таяқтап жазалаған ол сосын ғана әскери кеңеске мәлімдейді.
Себебі сол уақыттағы заңға сәйкес, өз бетінше шешім қабылдауға оның ха-
қысы ж оқ болатын. Н ем ересіне деген аяушылық сезімі осылай істеуге
мәжбүр етсе керек. Өйткені әскери кеңестің Сұлтан-Хүсейнді сатқындығы
үшін өлім жазасына кесуге де мүмкіндігі бар. Бірақ Темірдің серіктесі,
кеңесшісі, сондай-ақ оң қолы саналатын Худайдат Дулати сонда былай де­
ген екен: “Сіз сатқындықка қарсы занды алдымен өзіңіз бұздыңыз. Шара
қолданып қойған соң барып, бізден не істеу керектігін сұрап түрсыз. Сол
себепті, бізге де енді сізбен келісуге тура келеді” Тарихшылардың айтуын-
ша, ол кезде кім көрінген бұлай өз пікірін Темірге білдіре бермеген. Тек
Худайдат Дулати ғана солай істей алды. Көптеген тарихи жазбаларға кара-
ганда, ол өмір бойы Темірдің жанында болған көрінеді. Тек Темір өлімінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет