көз құртына айналған. Темір Орта-азиялық аймақтың тарихи-экономика- лық қатынас түрғысынан үшінші сортты болуына келіспеді. Ол бай ортаазиялық базарды шетелдіктер билеп, өз халқының қайыршылықпен күн көруін қалаған жоқ. Ол уақыт күш тілердің заманы болатын. Сол себепті Темір тарапынан болған соғыстарды ақтай аламыз. Шынында, ол басқа халықтарға қарсы соғысып, майданда қаншама қаталдық пен қатыгездікке де барды. Еуропалық тарихшылардың айтуынша, X V ғ Темірдің қылығы оларға тым жабайы болса, XX ғ. еуропалықтар үшін нағыз сұмдық. Ал XVII ғ. Англиядағы Кромвель қылығы, XX ғ. Гитлердің әрекеті ше? Гитлершілдер крематорий пештерінде адамдарды тірідей өртеді. Қала- лар мен деревняларды тұтасымен жойып жіберді. Тарихта жауын аяған ел басқарушы болды ма? Егер өркениетті дәуір деуге келетін XX ғ. аяусыз қаталдыққа жол берілген болса, осыдан мындаған жылдар бүрын адамдар- дың әлі шала сауатты, өмірге икем сіз к езіндегі мемлекет басқарушыларының қаталдығы орынды да сияқты. Темір тек соғыстағы өнерімен ғана емес, сонымен бірге жасампаздык еңбегім ен де ерекш еленген түлға болды: қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді, суландыру ж үйесі іске қосылды. Темір к ез келген ж ер дің ескерусіз қалмауын қадағалады. Тарихта мүсылман сәулет өнерінің ең бір дамыған кезеңі осы тұс болғандықтан, бұл да Темірдің есімімен тығыз бай- ланысты. Жалпы, мұсылман әлемінде әміршілер сәнді сәулет жөнінен жеке ерекш еліктерімен бір-бірінен асып түсіп жатады. Самарканда салынған ғимараттар парсы сәулет өнерінен қалған ескерткіш болып саналғанмен, оның зәулімділігі жағынан керемет құрылыстар. Темірдің зәулім сарайлары құлыптанбайтын (Еуропадағы сияқты), оның