Гиндукуштан Жерорта теңізіне дейін барлық Батые Азия бір ғана адамға
бағынды. Мұндай империяны Темір орнатты. Үлы адам өмірінің 70-ші жыл-
дарында Отырар қаласында қайтыс болды. Оның ойға алған соңғы Қытай
жорығы орындалмады.
Үлы Темір өлімінен кейін оның әулеті империяның тұтастығын сақтай
алмады. С ебебі, билік үшін таласқан туыстар ж ек е-ж ек е бөлініп кетті.
Оның бірде-бір ұрпағы Темір бастаған істі әрі қарай жалғастыра алған жоқ.
Олардың өз ата-бабаларына ұқсай бермейтіндігі тарихтан белгілі. Үлы
адамдар тағдыры осындай.
ҮЛЫҚБЕК
БЛЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Үлықбек — Әмір-Темірдің немересі. Шаһрухтың үлкен ұлы. Ол 1394
жылы 22 наурызда Сұлтанияда Темірдің Иранға жасаған бес жылдық ж о-
рығы к езін де Ш аһрухтың 17 жасар әйелі Гауһар-ш адтан туған. Ол
(Гауһар-шад) — Шыңғысханды өлімнен құтқаратын арғы атасы Қышлық,
шағатай нәсілінің аты әйгілі өкілдерінің бірі Ғияс-ад-дин-тарханның қызы.
С арай-М үлік ханымның ж іберген шабарманы қуанышты хабарды
жеткізген-ді. Темір немересінің дүниеге келген құрметіне Месопатамидегі
жаулап алған Мардин қаласына рақымшылық жасап, оны соғыс салығынан
босатты.
Жаңа туған нәрестеге Мұхаммед-Тарағай деген ат қойды. Бірақ келе-
келе Темірдің тірі кезінде-ақ бүл азан шақыртып қойған аты Үлықбек деген
есімге ие болды. Яғни, ұлықтардың ұлығы. Үлық болу бек ұғымымен де
үндес. Бектік бүкіл түркі тілдес халықтарда да Үлықтық, яғни үкімші, бір
өлкенің билеушісі деген мәртебені білдірген. Әлімсақтан келе жатқан тари
хи шежіре мен жылнамалардан кездесетін “әмірші” де “бек” екені белгілі.
Ақсақ Темірдің айдарынан жел есіп, үнділерге жол тартқан жорығында
оның шашпауын көтеріп, соңына ерген Мүлік ханым мен Үлықбек бола-
тын... (Кабул шаһарына дейін)
Достарыңызбен бөлісу: |