ғой деген үмітін Үлықбек өшірген жоқ еді. Бірақ көп өтпей-ақ ол райынан
қайтты. Өйткені, тап сол кездерде достық сапармен Мәлік-Ислам келген
еді. Тағы бір себебі, Үлықбек әкесіне көмекке деп он мың адамнан жасақта-
лған әскерін батысқа аттандырып жіберген.
Үлықбек Мауераннахрға шектесіп жатқан көшпелі екі мемлекетті басқа-
ру үшін өзінің ізбасарлары Барақ пен Пір-Мұхаммедті таққа отырғызды.
Бірақ бұл екеуі де кейін оның бұл жақсылығының қадіріне жете алмады.
Үміт-сенімін ақтаған жоқ.
1425 жылдың 17 ақпанында Үлықбек екінші рет Моғолстанға
жаугершілік жорығын бастады. Әскерлері Шыршық, Талас, Шарын, Аспа-
ра, Ыстық көл, Шелектен өтіп, Қастек асуы арқылы Балқашқа жетеді. Бұл
жолы Үлықбек Жетісудың аймағын түгел шарлап, Ыстықкөлдің Солтүстік
жағалауымен Самарқанға жету еді. Шынына келсек, Үлықбектің бұл жо-
рық жолының бағыт-бағдары бүгінгі көзкараспен қарасақ көптеген жер
атгарына сәйкес келмейді.
Осы орайда Үлықбектің Моғолстанға жасаған жорығын жаугершілік жо-
рық деп атауға бола ма? Жоқ, олай деуге болмайды. Анығында Үлықбектің
жорығы Темірдің көзі тірісіндегі геосаяси жағдайға байланысты стратегия-
лык мүдделі максаттан туған жоспар еді. Өйткені, мұнда қабырғалы, іргесі
мыкты Орта азиялық империя - Тұранды орнатпайынша, Византия, Қытай,
Иран сияқты алып мемлекеттерден корғану мүмкін емес еді.
Үлықбек Самарканға маусымның 27-жүлдызында оралды. Жеңіс
кұрметіне жасалған тойдың той-тамашасы бірнеше күнге созылды. 28-кыр-
күйекте Гератка келген Үлыкбектің жеңісіне әкесі Шаһрухтыц
күдіктенгені бекер екен. Бұл жердегі жеңістің қуаныш-думаны үлан-асыр
Үлы Тұранның Ү лдары
75
тойға ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: |