1419 жылы Алтын Орданың бір бөлігіндегі жерлерді Мауераннахрға қосқан кезде еді. Д әл сол жылдың мамырында Үлықбекке қол ұшынды бер деген өтінішпен Орыс ханның немересі, өзбек ханзадасы Барақ алқынып жетеді. М еселін қайтармаған Үлықбек оған көмек береді. Осыдан кейін Үлықбек өзбектер жағынан Мауераннахрға кауіп жоқ деп түйді. Өйткені, онда Барак секілді арқасүйері бар еді ғой. Ендігі кезекте Үлықбектің назары Моғолстанға қадалды. Бұл кездерде Моғолстанда болып жатқан оқиғаларды ол Сидциннің жеткізген хабары ар- кылы біліп отырған. 1417-1418 жылдардың қысын Үлықбек Х ож ентке
74 Асанбай А С К А Р О В жақын жердегі Шыршықта өткізді. Ешбір жаугершілік жасаған жоқ. 1418 жылғы ақпанда Самарқанға оралды. Сол жылдың тамызында Моғолстан- ның тұтқындарын босатып жіберді. 1419 жылы Шаһрухтың он жеті жасар ұлы моғол ханшасына үйленді. Бір ай өтпей-ақ Үлықбекке Моғолстанда тағы да бүліншілік оты тұтанды деген хабар жетті. Көтерілісті бастаушы дулат әміршісі Хұдайдадтың қызы екен. Олардың өшпенділігі Уайс ханға қарсы бағытталған болды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл бүліктің білтесі алдын ала жасырын түрде Самарканда дайындалған көрінеді. Хұдайдад Самарқанмен өз ұлдары арқылы байланыс жасап, Үлықбектен қолдау тапты. 1420 жылы Моғолстанда Уайс хан мен Пір-Мұхаммед арасында билікке таласқан қақтығыс жүріп жатты. Осы оңтайлы сәтті пайдаланып Үлықбек өзінің иелігіне Моғолстан жерін қосып алып, арқасын кеңге салғысы келді. Осынау кең шалқар Шығыс Түранды ен жайлап жату Темір әулетінің көптен бері көкейінде жүрген арман еді. Темір билеушілерінің елшілері де Моғолстанға Хұдайдаттың жәрдемімен өтіп тұратын. Егер алда-жалда қиын күн туа қалса, Хұдайдадат қол ұшын береді