«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
109
ӘОЖ 811.512.122'373.2
Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «МӘРТӨБЕ» ТОПОНИМІНІҢ
ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ СИПАТЫ
Оразбаева Э.Б.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ.
В статье рассматривается функция топонимов, используемых в сочинениях
А. Кекилбаева, их национально-культурные особенности и национально-культурное свойства
топонима «Мартобе».
Ключевые
слова:
художественный
текст,
используемые
топонимы,
геоморфологическая структура.
The article deals with the function of toponyms used in the works of A. Kekilbaev, their
national and cultural characteristics and national and cultural properties of the toponym of
"Martobe".
Көркем мәтінде қолданылатын топонимдердің негізгі қызметтері әдеби шығармада
өрбітілген сюжеттердің, оқиғалар желісінің адрестік,
яғни мекендік межелерін, тұстарын
көрсету, сонымен бірге баяндалған тақырыпқа сәйкес тарихи-географиялық ортаны, көріністі
суреттеу болып табылады. Кез келген көркем шығармада, әсіресе,
көлемді көркем мәтінді
туындыда негізгі тақырыпқа арқау болған үлкенді-кішілі оқиғалар шығарманың сюжеті мен
фабуласы кейіпкерлер бейнесі мен географиялық кеңістік арқылы көрсетіледі. Басқаша
айтқанда, көркем мәтіннің бейнелік-суреттемелік әлемінде әдетте немесе көп жағдайда
антропонимиялық (кейіпкерлерге қатысты) және топонимиялық (географиялық фонға
қатысты) әлемдері біртұтас эстетикалық қызмет атқаратынын байқауымызға болады. Көркем
мәтінде көрсетілген сюжеттің және оқиғалардың “қозғаушы күші”
адамдар болса, сол
сюжетпен баяндалған оқиғалар белгілі бір географиялық кеңістікте, ортада болатыны белгілі.
“Көркем мәтінде қолданылатын топонимдердің негізгі қызметтерінің бірі – көркем
мәтінде, шығармада ұлттық колорит жасау болып табылады. Қазақ топонимдерінің, әдетте,
семантикасы айқын, жеңіл танылады және ұлттық-мәдени ерекшелікке ие. Осындай өзіндік
ерекшелігі бар қазақ топонимдерін ұлттық таңбаланған сөздерге жатқызуға болады, мұндай
сөздер көркем мәтінде шығарманы ұлттық-тарихи стильдеу (үлгілеу) мақсатында өзге де
міндеттермен қатар қолданылады” [1, 19 б.].
Ә.Кекілбаевтың “Елең-алаң”, “Үркер” романдарының
көркем мәтінінде қолданған
топонимдерінің көбі көркем мәтіннен тыс жағдайда ұлттық-мәдени семантикаға ие. Ұлттық-
мәдени не идиоэтникалық семантика жалқы географиялық атауларына тән, имплицитті
немесе кодталған түрінде олардың лексикалық компоненттерінде кумулятивтік қасиетіне
сәйкес сақталады. Топонимдердің идиоэтникалық мағынасы (семантикасы)
белгілі
топонимист-ғалым А.Әбдірахманов көрсеткен негізгі ерекшеліктерімен анықталады:
1) геоморфологиялық құрылым және қазақ шаруашылығының (мал шаруашылығы)
жергілікті белгілерін дәл беру;
2) өсімдік әлеміне байланысты қойылған топонимдер (малшыға жайлау таңдауға
тиімді атаулар);
3) жануарлар әлеміне қатысты аталған топонимдер (малға зиянды немесе жыртқыш
аңдарға қатысты ақпаратты атаулар);
4)
басқа нысандармен, заттармен ұқсастыру не салыстыру белгілеріне қарай аталған
топонимдер, географиялық объектілердің сыртқы белгілерін, қасиетін көрсететін
топонимдер [2, 51 б.].
Географиялық атаулардың ұлттық-мәдени
сипаты тек табиғат пен мал
шаруашылығына тән ерекшеліктермен ғана аңғарылмайды – топонимдердің мәдени-тарихи
мағынасының да мәні бар. Мұндай кейбір топонимдердің мәдени-тарихи семантикасы тілде