Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет125/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   529
65 жас және одан жоғары
Осы күні америкалықтардың көбі 65 жастан артық өмір сүреді. Кей- 
біреулері жетпіс, сексен және тіпті одан үлкен жасқа дейін толық 
жұмыс істей береді. Ал кейбірі оқу орнына қайта оралып, жаңа ма- 
мандық алады. Бірақ көпшілігі қарттықты зейнеткер ретінде дара- 
лықтыңж аңа сатысына өтудеп түсінеді. Сол себепті олар алдын ала 
әлеуметтенуді жүзеге асыра алады: зейнетке шыққанға дейін ерікті- 
лер тобында жүмыс істеп көреді, зейнетке шыққаннан кейінгі жаңа 
ермегін немесе білім алу мүмкіндіктерін ойлайды немесе кейін өмір 
сүретін жерін, немен айналысатынын ойластыруды зейнеткерлік 
«ойын жоспары» арқылы жүзеге асырады.
Сондай-ақ олар өздеріне қажет болашақтың үлгісі ретінде зей­
нетке шыққан достарына және туыстарына қарайды. 65 жасқа тол- 
ғанға дейін жұмыс істемей үйде отырган адамдар үшін қартаю түрлі 
жаңа проблемалар туыыдатады. Кейбіреулерге жүбайы үйде жүрген- 
де үй шаруасымен айналысу қиынға соғады. Мұндай жағдайда екі 
адамға да өз сенімі мен мінез-қүлқын бейімдеу қажет болуы мумкін. 
Мысалы, алдын ала әлеуметтенуге қарамастан ерлі-зайыптылардың 
үй шаруасын қалай бөлісуге болагынын келісіп алуы - ұрсысудың 
алдын алудың жалғыз жолы деген қорытынды жасай алады.
Өкінішке қарай, егде жастағы адамдардың көбі жұбайы неме­
се ұзақ жылдар бойы бірге болған серігі қайтыс болғаннан кейін 
күйзеліске түсіп, «мен кіммін», «қалған өмірімді қалай өткізем» де­
ген сияқты сұрақтарға жауап іздей бастайды. Кейбірі басқа адамды 
кездестіреді, ал кейбірі жалғыз өмір сүруге бекінеді. Өмірдің басқа 
кезеңдеріндегі тәрізді серігінен жақында айырылған адамға қатар- 
ластары жаңа жағдайға, ойлау мен әрекет етудің жаңа жолдарын үй- 
ренуге, жаңа дағдыларды (тамақ дайындау, шамды ауыстыру немесе


ӘЛЕУМЕТТЕНУ
109
І
Кәсіби әлеуметтену арқылы 
жаңадан қабылданғандар - полиция 
қызметкерлерінентехникалықдағдылар 
мен мәдени құндылықтарды үйренеді.
жаңа жұбайымен жыныстық қатынасқа түсу) қалыптастыруға, соны- 
мен қатар тәуелсіздік пен жалғыздықты қалай бағалауға болатынын ай- 
тып ақыл-кеңес береді.
Жасы 80-нен асқандардың көбі ұзақ мерзімді күтім жасайтын ме- 
кемеге көшуі керек. Мұндай жағдайда адамдар жаңа мінез-құлық ере- 
желерін үйренуі тиіс (Wiersma & Dupuis, 2010). Бұл адамдар енді жеке 
өмірінде өзге нәрселермен қатар, құпиялықтың (мысалы, киінгенде 
немесе дәретхананы пайдаланғанда көмек қажет етегін жағдайларда) 
азаятынын мойындауға мәжбүр болады. Олар өздері білмейтін және 
таңдамаған адамдармен тамақтануға, жаңа күн тәртібі мен кестелерді 
қабылдауға дағдылануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет