ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
163
ретінде сипатталады. Мұндай жағдайда ресми жазалау шараларымен
халықты күштеу қиын. Жезөкшелік, марихуана шегу,
кәмелетке тол-
мағандардың ішімдік ішуі - осының барлыгы, егер халық жұмыла
қолдамаса, тек заңның күшімен көндіру мүмкін еместігін дәлелдейді.
Яғни жалган мәжбүрлеу болғанда халыққа үнамайтын
норма-
лардың өзі күшін сақтайды (Wilier, Kuwabara & Масу, 2009). Жалған
мәжбүрлеу адамдар қаламайтын нормаларды орындауға міндеттейді.
Мәселен, көп мектептерде гомосексуалдарды басқа бозбалалар үнемі
мазақтап, қорлайды, тіпті ұрып-соғады.
Алайда бозбалалардың кей-
бірі гомосексуалдықтан ешбір сөкеттік көрмеуі де мүмкін. Бірақ олар-
ды мазақтамасақ, өзіміз де құқай көреміз деп қорқады. Бір қызығы,
осы жалған мәжбүрлеу нормалардың күшеюіне
ықпал етіп, тұйық
шеңбер түзеді. Мойынсұнуды талап еткен әлеуметтік қысым жалған
мәжбүрлеуге алып келеді, ал бүл мойынсұнуды талап еткен әлеумет-
тікқысымды одан сайын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: