ОТБАСЫ
317
мысты отбасылар есею кезеңін ұзақ әрі байыппен жүретін кезең
деп біледі және ержеткен балаларының міндетті түрде шаңырақ-
тан кетуіне, әсіресе үйдің іші бәрінің де жеке бұрышы болатындай
кең болса, себеп жоқ деп санайды. Осылайша,
қарапайым отбасы-
ның балалары ата-аналарымен күнкөріс үшін бірге тұрса, қалталы
жастар кабельді теледидар, мықты компьютер, жылдам интернеті
бар жерде өмір сүріп, жақсы көлік мініп,
көңілді демалыс өткізу
үшін бірге тұрады.
Осындай экономикалық және мәдени өзгерістер салдарынан
көптеген жастар мектепті аяқтаған соң да ата-аналарымен бірге
тұруын жалғастыра береді. Толық тәуелсіз болғанға дейін бірне-
ше
рет жеке шығып, арасында қайта оралып тұрады (MacArthur
Foundation, 2011). Енді бірі ата-аналарынан жақсы қаржылай көмек
алып отырғандықтан, бөлек өмір сүруі мүмкін. 18 бен 34 жас ара-
лығындағы жас америкалықтар ата-аналарынанжылына орта есеп-
пен 2200$ алып отырады. Бұл сома отбасы жағдайына байланысты
көбірек не азырақ болуы мүмкін (MacArthur Foundation, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: