Сабақтың тақырыбы: Отбасы бюджеті
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы қаражатын үнемдеу туралы қарапайым экономикалық түсініктер қалыптастыру.
Міндеттері:
а/ оқушыларды отбасының экономикалық өмірімен, үй шаруашылығын жүргізу ережелері, отбасы қаражатымен таныстыру, экономикалық түсініктер туралы алған білімдерін қайталау;
ә/ дүниетанымын, сөздік қорын дамыту, дұрыс таңдау жасай білуге үйрету;
б/ отбасының әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы рөліне деген көзқарасын қалыптастыру;
топта жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, үнемшілдікке, бір-бірін, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Ресурстар: тірек-сызбалар, үлестірмелі материалдар, бағалау парағы, интерактивті тақта.
Ескерту: оқушыларға «мемлекеттік бюджет» туралы түсініктер алдыңғы сабақтарда айтылып өтілді.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын тексеру
3. Жаңа тақырыпты ашу
4. Оқулықпен жұмыс
5. Шығармашылық тапсырма
6. Сергіту сәті
7. Топтық жұмыс
8. Қорытындылау
9. Үйге тапсырма
10. Бағалау.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс- әрекеті
|
1
|
2
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық /2 мин/
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
|
-Балалар, енді топқа бөліп, отыра қояйық. Бастың суретін алғандар «Серіковтер» отбасына, жүрек суретін алғандар «Асқаровтар» отбасына, қол суретін алғандар «Құрмановтар» отбасына бөлінеді.
Отбасында әке, шеше, балалар рөлін бөліп беру.
Өткен сабақта біз отбасы қарым-қатынасы, берекесі, туыстық туралы айтқанбыз. Сіздерге «Мен қай кезде қуаныш сезіміне бөленемін?» тақырыбында эссе жазып келу берілген болатын. Топ болып бір-біріңізге эссені оқып, бағалаңыздар. Ең жақсы эссені бір оқушы оқиды.
|
Алған суреттері бойынша топқа бөлінеді.
Отбасы мүшелеріне бөлінеді.
Топтағы оқушылар бір-біріне оқиды. Топ басшысы бағалайды. Ең жақсы эссені бір оқушы оқиды. Қосымша + қойылады.
|
Қуаныштарыңызды жақсы суреттей білгенсіңдер. Ал «Асқаровтар» отбасы қандай баға бересіздер? Тақырыпты аша білген бе?
Бүгін біздер отбасы туралы әңгімемізді әрі қарай жалғастырамыз.
|
|
Оқушылардың мемлекеттік бюджет және негізгі экономикалық түсініктері туралы алған білімдерін еске түсіру /4 мин/
|
Отбасы көмекті қайдан алады?
Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?
«Ақша салатын қолдорба» деген сөз нені білдіреді?
Оған салынатын ақшаны қалай атаймыз?
Мемлекеттен кеткен ақшаны қалай атаймыз?
Мемлекеттік бюджетке ақша қайдан келеді?
Ал жақсы балалар, біз мемлекеттік бюджет туралы білдік.
|
- Мемлекеттен алады
-Мемлекеттің кіріс және шығыс жоспары;
-Бюджет;
-Кіріс
-Шығын
Азаматтар мен кәсіпорындардан салық түрінде жинайды.
|
Сабақтың проблемалық құрылымы /3 мин/
|
- Қалай ойлайсыздар, отбасы бюджеті де болуы мүмкін бе?
- Отбасы бюджетін кімдер құрайды?
- Қалай құрайды?
- Бұл отбасына келіп жатқан кірістер болып саналады.
- Отбасы бюджеті қалай жұмсалады? Қайда жұмсаймыз?
Бұл отбасынан кетіп жатқан шығыстар.
Бір сөзбен айтқанда, отбасы бюджеті кіріс пен шығыстан құралады.
|
Болуы мүмкін.
Әке, ана, ата, әже, т.б.
Табыс табу, еңбек ету арқылы, еңбегіне қарай табыс көзін құрайды.
Азық-түлікке, оқу құралдарына, киім-кешекке, коммуналдық төлемдерге, балабақшаға жұмсалады.
|
Жаңа тақырыпты ашу. Отбасы бюджетінің неден құралатынын анықтау. /10 мин/
|
Тақтада тірек-сызба көрсетіледі:
Отбасылық бюджет
Кіріс Шығыс
Зейнетақы жаңа велосипед еңбекақы
Театрға бару ақылы оқу шәкіртақы
Туған күнге әкелген сыйлықтар жәрдемақы жаңа киім
Ойыншықтар
Су жылу
|
Оқушылар шығып, тиісті орындарына қояды.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Мәтінді бөліп оқиды.
І- ші азат жол. /І топ оқып, негізгі ойды табу, топта талдау/
ІІ-ші азат жол. /ІІ топ оқып, негізгі ойды табу, топта талдау/
- ІІІ, ІҮ азат жол. / ІІІ топ оқып, негізгі ойды табу, топта талдау/
|
І топ.
Кірісті және шығысты білдік.
Отбасы қаражатын үнемдеп, баланың болашақтағы оқуына қаржы жинау керек.
Отбасы қаражатын үнемдеп, алдымен ең маңызды заттарды алуға жұмсау керектігін, қартайғанда ата-анаңызды бағып, солардың қажетіне жұмсау керек.
|
Шығармашылық тапсырма.
Берілген тапсырманы оқи отырып, көз алдарыңызға не елестеді, қандай ой түйдіңіздер?
Қане, көзімізді жұма қояйық. Енді көз алдарыңа елестетіңіздер, сенің ата-анаң 70-80 жасқа келді. Оған не қажет? Оның денсаулығы қандай? Сен ересек болдың, ержеттің. Сен оған қандай көмек берер едің?
Оны емдету үшін не керек, балалар? Керек – жарақтарыңды алғаннан кейін қалған ақшаны не істеу керек?
Үнемдеу дегеніміз – шаруашылықты ұқыпты жүргізу.
Жақсы, балалар, енді әрқашанда ақшаларымызды үнемдеп жүретін боламыз. Ақшаны босқа шашпаймыз.
|
Топпен жұмыстану.
Оған көмек қажет. Оның денсаулығы нашарлайды. Мен оны емдеймін, көмегімді аямаймын.
Емдету үшін маған ақша керек. Ақша болу үшін еңбек ету қажет. Артық ақша қалса, оны үнемдеп жинаймын.
|
Отбасы бюджеті сөзін топтастыру.
-Отбасы бюджетінде жалпы қандай кірістер кіреді? /Оқушылар айтады, мұғалім тақтаға жазады/
Отбасы бюджеті
Зейнетақы
Жәрдемақы
Әлеуметтік көмек еңбекақы шәкіртақы
|
Сергіту сәті
/Кірісті айтқанда – қолымызды шапалақтаймыз, шығынды айтқанда – аяғымызды топырлатамыз/
Еңбекақы, театрға бару, шәкіртақы, зейнетақы, ойыншық, әлеуметтік көмек, азық-түлік, т.б.
|
Топтық жұмыс.
Қане, балалар, енді сендер өз отбасының кіріс мен шығынын есептеңдер.
Әкенің, ананың, студент баланың кірістерін есептеу. Жалпы отбасына кіретін қаражатты есептеп айту.
Кіріс
|
Топ болып отбасынан газға, суға, жарыққа, телефонға, азық-түлікке кететін шығындарды есептеп, кірістен алып тастау. /Есептеп шығын суммасынан азайту/
Шығын
|
Анализ жасау:
Сонымен , балалар, айлық кіріс көп пе, әлде шығын көп пе?
Егер шығын кірістен көп болса, не істеу керек?
Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, не істеу керек?
|
Әр топ өз отбасында не басым соны айтады.
Шығын кірістен көп болса, үнемдеу керекпіз.
Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, оны жинақтау керек.
|
-Балалар, бізде қазір экономикамызда қандай өзгерістер болып жатыр?
Иә, дұрыс-ақ. 1 доллор теңгемен 150 болып еді, 180 ге көтерілді, 1 рубль 5 теңге болып еді, 7 теңгеге көтеріліп кетті. Сондықтан, азық-түлік, киім, оқу құралдары қымбаттады. Отбасында да шығындар көбейеді. Сол үшін үйге келген кірісті үнемдеу керек. Сол сияқты, балалар, мектеп сендердің екінші үйлерің. Мектеп бюджетін қалай үнемдеуге болады?
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Себебі, отбасына сияқты мектепке ай сайын қаражат бөлініп тұрмайды.
|
-Доллор, рубль өсіп жатыр.
Мектептегі мүліктерді сындырмай, суды босқа ағызбай, жарықты сөндіріп үнемдеу керек.
|
Өткен тақырыпты қорытындылау
Білемін: Отбасы туралы, отбасы құрамы мен туған-туыстарды біледі, қарым-қатынас, сыйластық туралы, отбасы дәстүрлерін біледі.
Не үйрендім? Отбасы бюджеті, кіріс пен шығынды, үнемшілдікті, отбасында жинақы ақша қоры болу керектігін білдім.
Не білгім келеді? Неше жастан бастап жұмыс істей аламын? Еңбек шартын білгім келеді, т.б.
|
Үйге тапсырма.
Туған күнге сіздерге 1000 теңге сыйлады. Өз шығындарыңыздың жоспарын жасап келіңіз.
Мәтінді оқып келу /110-111 бет/
|
Бағалау. Топ басшысы баллдарды санап, топ мүшелерінің бағаларын айтып шығады.
4-5 балл – «5»
2-3,5 балл – «4»
1-1,5 балл – «3»
|
Жұдырықтарыңызды түйіңіз: кімге сабақ қызықты болды – бас бармақты көрсетеміз, кім осы бүгін алған біліміміз өмірде қажет деп тапса, балаң үйректі көрсетеміз, кім жақсы еңбектенсе – ортан теректі қосамыз, кім топта жұмыс істеуге көмектессе – шылдыр шүмек көрсетеміз, кімге сабақ ұнаса – кішкентай бөбек көрсетеміз.
Баршаңызға жұмыстарыңыз үшін рахмет!
|
Бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
/эссе/
|
Оқулықпен жұмыс
/мәтінді оқып, талдау/
|
Шығармашылық
тапсырма
|
Топтық жұмыс
/шығын, кірісті есептеу/
|
БҮБ
Білдім?
Үйрендім?
Білгім келеді.
|
Қорытынды
|
Баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-5 балл – «5»
2-3,5 балл – «4»
1-1,5 балл – «3»
Достарыңызбен бөлісу: |