Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет426/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   529
382
13-ТАРАУ
дардың сайлау құқығына ерекше шектеулер қоюды қарастыратын 
заңнамаларга байланысты басқа кез келген елге қарағанда бұл елде 
дауыс бере алмайтындар деңгейі тым жоғары (Hull, 2005; Manza & 
Uggen, 2006). Кейбір штаттарда, мысалы, 20 жасында марихуана сат- 
қаны үшін сотталған адам сайлау құқығынан біржолата айырыла- 
ды. Тіпті одан кейін мүлде қылмысқа бармай, жақсы жұмысшы, ата- 
ана болып, қоғамда азамат ретінде орнын таба алған күннің өзінде 
шешім өзгермейді.
Кей адамды қылмыс жасауға кедейлік итермелейтінін атап өт- 
кен жөн. Сонымен қатар қылмыстық сот бай қылмыскерлерге қара- 
ғанда, кедей қылмыскерлерді жиі жазалайды. Сайлау қүқығынан 
айырылатындардың да басым бөлігі - кедейлер. Құқығы тапталып 
жатқан кедей адамдардың көптігі сонша - оларға көмектесуді көз- 
дейтін саясаткерлерге тіпті оларды іздеудің де қажеті жоқ (Uggen & 
Manza, 2002; Hull, 2005; Manza & Uggen, 2006).
Жаңа экономикалық жүйелер
Байқауымызша, жұмысшы таптан билік элитасына дейінгі саясатты 
гүсіну үшін, экономикалық мәселелерді ұғыну қажет. Бүл тарауда біз 
АҚШ экономикасын талқыламас бұрын жаңа экономикалық жүйені 
қарастырамыз.
Экономика тауарлар мен қызметтерді өндіруге және таратуға 
байланысты барлық әлеуметтік құрылымдарды қамтиды. Өндіріс 
саласында алға тартылатын бірнеше сауал бар. Айталық, құрылыс- 
ты қаншалықты көп немесе қаншалықты аз жүргізу керек? Қара- 
жатты қару жасауды арттыруға салған дұрыс па әлде азық-түлік 
өндірісін көбейту керек пе? Ірі кәсіпорындарды ынталандырған 
тиімді ме немесе шағын түрлерін ынталандыру керек пе? Табысты
Экономика - тауарлар мен 
қызметтерді өндіруге және 
таратуға қатысты дүниелер.
бөлу барысында да туындайтын сұрақтар бар. Мәселен, жобаның 
иесі мен жұмысшылар арасында қаражат қалай бөлінеді? Міндетін 
атқара алмағандарға кім қолдау көрсетуі тиіс? Адамдардың табысы 
сүранысқа, күші мен қабілетіне байланысты болуы керек пе? Эко-

Капитализм кезінде қаржыдан 
I қиналатындар(қандайсебеппен 
болсын) өздеріне сенуі немесе 
қайырымдылықтан үміттенуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет