Ү ш і н ш і с е к т о р д ә р іг е р , мектеп мүғалімі, қонақ үй қызметшісі, аспаз және полиция қызмет-
кері сияқты көптеген мамандықтарды қамтиды. Оған емханаларда,
үкіметте, әуе компанияларында, банктерде, қонақ үйлерде, мектеп-
терде немесе азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейтіндер жатады. Бұл
ұйымдар материалдық тауар өндірмейді, өзгелерге қызмет көрсетеді.
Олардың өндірісі бөшкелермен немесе тонналармен емес, тұтынушы-
лар санының көптігімен бағаланады.
Үшінші сектор соңғы жарты ғасырда жылдам дамыды. Бүдан да
арта түседі деген болжам бар. Үшінші секторда қамгылған жұмыс
күші 1820 жылғы 1 пайыздық көрсеткіштен 1920 жылы 19 пайызға
дейін өсті (Figueroa & Woods, 2007). Ал 2018 жылы сектор жүмыс кү-
шінің 79 пайызын еншілейді деп күтіліп отыр (U.S. Bureau of Labor
Statistics 20 lid). Қазір бастауыш секторда жұмыс істейтіндер өте аз.
Ал екінші сектордағы жұмыс орындарында жұмысқа жарамды ха-
лықтың 15 пайызына дейін қысқарды. Бұл бірінші және екінші сек
тор маңыздылығын жойды дегенді білдірмейді. Елде қызмет секто-
рының дамығаны соншалық, өзге секторлардың да тиімділігі мен
өнімділігі артқан және оларды басқа елдерде жүргізе аламыз. Бұл
экономиканың жаьанданғанын көрсетеді. Бұл тақырыпты алғаш
7-бөлімде қарастырған болатынбыз.
Корпоративтік экономика АҚШ-га хот-дог сату орындарынан «Microsoft» компаниясына дейін
250 000 кәсіпорын қызмет етеді. Алайда елдің капиталы мен жұмыс
I
Ауыл шаруашылығы сияқты кен игеру,
I аңшылықпен балық шаруашылығы
қоршаған ортадан ресурстар алу
арқылы жүзеге асқандықтан,
экономиканың негізгі секторының бір
бөлігі саналады.
әлеуметтану және сіз Сіз күні бойы экономиканың
әр секторымен байланыста
боласыз. Бастауыш сектор «сол
күйінде» жейтін кез келген
тагам түрімен, мысалға жеміс-
жидекпен қамтамасыз етеді.
Екінші сектор өнімдерді азық-
түлікке айналдырады (мысалы,
бидайдан - ұн, ұннан нан немесе
кекс жасалады). Үшінші сектор
осы азық-түлікті дүкенге немесе
мейрамханаға жөнелтіп, оны сіз
сатып аласыз немесе даяшы әкеліп
береді.