Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет435/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   529
САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
В89
ту үшін күресті. Сөйтіп, корпорациялар іріленіп, қуатын арттырғаны 
соншалық, олар АҚШ экономикасына түгелдей ықпал ете бастады. 
Wal-Mart - осы тенденцияның айқын мысалы.
Wal-Mart бағаны қымбат етіп қою арқылы емес, арзан тауарды көп 
мөлшерде сату арқылы табыс табады. Wal-Mart-тағы арзан бағаның же- 
келеген тұтынушылар үшін пайдалы екені сөзсіз. Бірақ мұндай арзан 
тауардың ақысын әркім әрқалай төлейді. Wal-Mart кез келген нарықта 
(ойыншықтар, көлік дөңгелектері, киім және т.б.) 
с ү б е л і
үлеске ие бол- 
ғандықтан, өнімдерін Wal-Mart арқылы саудаламаған өндіруші биз- 
нестен шеттетіледі. Сонымен қатар Wal-Mart арқылы жұмыс істейтін 
өндірушілер де бизнестен алшақтатылуы мүмкін. Өйткені Wal-Mart 
тауар бағасын төмендетуді талап ететіні соншалық, олар мүлде пай- 
да көрмей қалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін өндірушілер 
жалақыны барынша азайтады немесе арзан жұмыс күшін пайдалану 
мақсатында өндіріс орнын шетелге көшіреді.
Wal-Mart компаниясымен бәсекеге түскен көптеген дүкендер де 
компанияның жыртқыштық баға саясатының кесірінен нарықтан 
ығысып қалды. АҚШ қалаларына жеткен Wal-Mart дүкендердің жа- 
былуына, ал онымен бәсекелес сауда орындарында жалақының тө- 
мендеуіне әкеп соқтырды. Жұмыс орындарынан айырылып қалған 
адамдардың көбінде Wal-Mart-қа жұмыс істеуден басқа амал болмай- 
ды, ал ондағы жалақы кедейлік деңгейінен де төмен (United Food and 
Commercial Workers, 2006). АҚШ-тың жаңа экономикасында Wal-Mart 
өз бағасы мен жұмысшыларының жалақысын белгілеумен ғана шек- 
телмейді, сонымен бірге жеткізушілердің тауарына баға қоюды, қала 
берді жеткізушілерінің де, бәсекелестерінің де жұмысшыларының 
жалақысын тағайындауды тиімді іске асырып отыр (Fishman, 2006; 
Lynn, 2006).
Дағдарыс кезіндегі экономика
Қазіргі таңда АҚШ экономикасы күйзеліске ұшырап отыр. Миллион- 
нан астам үй 
б о р ы ш т ы
өндіріп алу айналымында, жұмыссыздық 
деңгейі өте жоғары, қор нарығы тұрақсыз және кейбір зейнетақы қор- 
лары, тіпті қалалардың әкімшіліктері банкротқа ұшыраған. Мүндай 
дағдарысқа не себеп?
Көптеген бақылаушылардың пайымдауынша, дағдарысқа, ең ал- 
дымен, мемлекеттік реттеудің қысқартылуы салдарынан қарыздың 
қарқынды өсуі себеп болды. Бұл факторлар алғашында тұрғын үйлер 
мен акциялар бағасының күрт қымбаттауына, артынша экономика- 
ның басым бөлігімен қоса күрг құлдырауына алып келді (Bernanke, 
2009; Posner, 2009; Phillips, 2008; Financial Crisis Inquiry Commission, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет