САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
391
арқылы алынған техникалық, мамандандырылған
білімі болуы ке-
рек. Мысалы, заңгерлер де, автомеханиктер де
мамандандырылған
білім алуы тиіс. Бірақ заңгерлер бірнеше жыл бойы оқуы керек болса,
автомеханиктерге бірнеше айлық білім де жеткілікті. Үшіншіден, кә-
сіпқой маман ар-намыс кодексін сақтап, қоғаммен санасуға міндетті.
Оның табыс табу үшін емес, игілік үшін қызмет етуі маңызды. Мыса
лы, қоғам көптеген министр, дәрігер және заңгер жеке табысын мем-
лекеттік қызметтен жоғары қойғанын түсінгенімен, барлығы бірдей
мұндай әрекетке бара бермейді деп санайды.
Кәсіпқой мамандардың алатын марапаттары да әртүрлі болады:
мұғалімдерге қарағанда дәрігерлердің табысы мен беделі сөзсіз жоға-
ры. Дегенмен барлық мамандар тікелей бақылауда болмайды. Өйткені
олардың жұмыстары өзіндік көзқарасты
және жұмыс жасау кезінде
өзіндік әдіс қолдануды талап етеді.
Алайда кәсіпқой мамандардың қадағалаудан тыс болуы уақыт өте
келе қысқарады. Мұндай мамандар көп жағдайда дербестік қүқығын
шектейтін бюрократиялық қүрылымдарда өзгелер үшін жұмыс істей
бастайды. Мұғалімдер қазір көп уақытын оқушыларды стандартты те-
стілеуге дайындау үшін жұмсайды. Дәрігерлер емделушілерге нұсқау
берген кезде медициналық сақтандыру компаниялары құптаған
дәрілермен шектелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: