Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет436/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   529
2011
).
Соңғы екі онжылдықта АҚШ үкіметі азаматтардың қарызын өтей 
алу мүмкіндігіне қарамастан, несие алуын жеңілдету үшін қаржы- 
лық заңдарды мейлінше икемдеді. Егер адамдар несиені төлей алма- 
са, олардың банктері мен кредиттік карталарының компаниялары 
көлемді айыппұлдар салып, пайыздық мөлшерлемелерді өсіріп отыр- 
ды. Бұған дейін осы екі әрекетке де үкімет қаулыларымен тыйым са- 
лынатын. Осының салдарынан банктер мен кредиттік карталар ком­
паниялары байып, адамдар кедейлене түсті.
Алайда уақыт өте ипотекалық несиелерін өтей алмаған америка- 
лықтар көбейген сайын несие үсынушы банктер үшін өздерінің жеке 
шоттарын төлеу қиындап кетті (Bernanke, 2009; Posner, 2009; Phillips, 
2008; Financial Crisis Inquiry Commission, 2011). Бұл жағдай қоғамның 
қаржылык, жүйеге сенімін азайтып, қор инвесторларының акцияла-


390
13-ТАРАУ
рын сатылымға шығаруына алып келді. Үлесін сатушылар көбейіп, 
сатып алушылар азайған кезде акцияның нарықтағы бағасы төмен- 
деп кетті. Дәл осылай үй сататын адамдар күн сайын көбейіп, тұрғын 
үйдің нарықтағы бағасы төмендеп, сатылым азайды. АҚШ экономика- 
сы тұргын үй құрылысы, үй саудасы және үй жиьазымен байланысты 
болгандықтан, бұл - экономиканы түгелдей құлдыратты.
Сонымен қоса қаржылық тәуекелдің артуы, ал мемлекеттік ба- 
қылаудың бәсеңдеуі экономиканың басқа бөліктеріне де қауіп төн- 
дірді (Bernanke, 2009; Posner, 2009; Phillips, 2008; Financial Crisis Inquiry 
Commission, 2011). Банктер қаржылық шығындардан қауіптенгендік- 
тен, несие беруден тартына бастады. Көптеген кәсіпорындар нарыққа 
шығаратын тауарларының сатылуына немесе сол тауарларды өндіру- 
ге қажетті шикізатты сатып алуда үнемі несиелендіруге сеніп қалған, 
ал банктер несие беруін доғарғанда, көптеген кәсіпорындар банкрот- 
қа ұшырады.
Жаьандану әсерінен экономикалық дағдарыс бүкіл әлемге жа- 
йылды. Мысалы, америкалықтар ескі компьютерлерін жаңалауды 
тоқтатқан кезде, Үндістанда жаңа компьюгерлерді қүрастыратын 
мамандар жұмыс орнынан айырылады. Ал Тайландта адамдар бұ- 
рынғысынша америкалықтар пайдаланып гастаған компьютерлер- 
ден металл қалдықтарын жинау арқылы нәпақасын таба алмайды. 
Мексикадағы балалар АҚШ-тың компьютер шығаратын фабрика- 
лары мен дүкендерінде жүмыс істеген иммигрант ата-аналарынан 
ақша ала алмайды.
Қазіргі экономикалық дағдарыс еркін нарықтық капиталистік 
жүйе тек теңгерімді мемлекеттік реттеу болғанда ғана тиімді болады 
деген ойга жетелейді (Posner, 2009).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет