ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
47
Бірінші қадам: мәселенің қойылуы
Зерттеу барысындағы алғашқы қадам - зерттелетін проблеманы анық-
тау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таң-
дай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға
қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұ-
жырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп
пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға
қарағанда, афроамерикалықтар арасында жұмыссыздық пен кедейлік
деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады.
Қандай жағдайда да алдымен зерттегіміз
келетін нәрсе жайлы
көбірек білу үшін басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау
керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және
кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған бол-
са, онда зерттеуден күтілетін нәтижені гипотеза түрінде
сипаттауға
болады. Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын
қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни
қандай да бір түсіндірменің дұрыс я бұрыстығын деректер арқылы
анықтау жолдары болуы тиіс. Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі
ақ нәсілділер жақсы жұмысқа лайық» деген пікірді сынап көру мүм-
кінемес.алайда «ақнәсілділержақсыжұмысқа афроамерикалықтарға
қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: