Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Символдықөзара әрекет теориясы: жезөкшелер



Pdf көрінісі
бет54/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   529
Символдықөзара әрекет теориясы: жезөкшелер
өздеріне деген сенімін қалай жоғалтпайды?
Жезөкшелікті зерттеген интеракционистер мүлде басқа көзқарасты 
үстанады. Олар жезөкшелердің тәнін сатуды қалай меңгергенін және


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
45
мұндай кәсіппен айналыса жүріп өздеріне деген 
сенімін қалай жоғалтып алмагандығын зерттейді. 
Әлеуметтанушы Вэнди Чапкис (1997) жезөкшелер- 
мен, «ересектерге арналған» фильмдерге түскен 
әртістермен, жалпы «жыныстық ләззат саудасын- 
дағы» 50 шақты адаммен сұхбат жүргізді. Сұхбат- 
тасқан көп әйел өз кәсіптерін мақтан тұтатынын 
айтқан. Олар бұл кәсіптің кісі күтуші, психотера­
певт сияқты қызмет көрсетіп, клиенттеріне қам- 
қорлық жасайтын басқа кәсіптерден еш айырма- 
шылығы жоқ деп санайды. Чапкистің айтуынша, 
жезөкшелер сезім мен жұмыстың арасындағы 
арақашықгықты сақтауға қаншалықты қабілетті 
болса, олардың өзін-өзі бағалап, психикалық ден- 
саулығына көңіл бөлуге де соншалықты мүмкін- 
дігі болады. Сұхбатқа қатысқан әйелдердің бірі: 
«Бүл - оңай жұмыс емес, мұнда көп қиындық көр- 
дім. Дегенмен бұл кәсіпті толық меңгергенімді тү- 
сінемін. Эмоциялық қашықтықты қалай ұстау ке- 
ректігін жақсы білемін. Мәселен, өрт сөндіруші, ми 
хирургі немесе психиатр өте қиын жұмыспен айна- 
лысады әрі олар белгілі бір деңгейде сезімдерін те- 
жей алады. Жұмысыңды атқару үшін солай жасауға 
тура келеді», - деп сырын айтқан (Чапкис, 79).
Бұл мысалдар көрсеткендей, көп проблема үш 
теория тұрғысынан да нәтижелі зерттелуі мүмкін. 
Әрбір әлеуметтанушы зерттеу жұмысына қандай 
теориялық көзқарас сәйкес келетінін өзі шешуі керек.
І
Қурылымдықфункцияшылдар- 
жезөкшеліктіңер адамдарға төсек 
рақатын сыйлау арқылы қоғамды қалай 
тұрақтандыра алатынын зерттейді. 
Конфликт теориясын қолданушылар -
кедей, маргинал адамдардың 
жезөкшелік жолға түсуге мәжбүр 
болатынын, ал интеракционистер 
жезөкшелердің өз-өзін құрметтеуін 
қалай сақтай алатынын қарастырады.
Бейресми дерек - бұл кездейсоқ 
алынған және аз адамға немесе 
мардымсыз оқиғаларға негізделген 
дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет