Конфликт теориясының негізіндегі болжамдар Конфликт теориясы Маркс идеяларынантуындайды. Қазіргі конфликт
теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1.
Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынас-
тағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеу-
меттік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қа-
рым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығын-
да билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген
нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы
теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдде-
лер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес,
көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үсті-
не, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Конфликт теориясын пайдалану Құрылымдық функцияшылдар секілді конфликтологтар де әлеумет-
тік құрылымдарды зерттейді. Алайда конфликт теориясының ғалым-
дары қазіргі әлеуметтік қүрылымдардан қандай топтардың көп пайда
көріп отырғанын және олардың бұл артықшылықтарын қалай сақтап
отырғанына баса мән береді.
Мәселен, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты зерттегенде әйелдер-
дің еркектерге қарағанда әлдеқайда жиі және қатты зәбір көретінін
айтамыз, бірақ бұл шындық «түрмыстық зорлық-зомбылық» термині-
нің тасасында қалады. Конфликтологтар: «Бұл кімге пайдалы?» деген
сұраққа «Әйелдерге қол жұмсау арқылы ерлер үйдегі үстемдігін сақтап
қалады», - деп жауап береді. Мұнан соң теорияшылар: «Бұл жағдай не-
ден болды?», «Осы қалпында қалай түр?», - деген сауалға жауап іздейді.
Сондай-ақ ғалымдар: «Неге кейбір діндер әйелдерді күйеулерінің қа-
лауына бағынуға, тіпті қол көтергеніне де мойынсұнуға шақырады?»,
«Неге соңғы уақытқа дейін әйелді сабау қылмыс болып саналмай кел-
ді?», «Неге кейбір полицейлер әлі күнге дейін әйел сабауды онша маңы-
зы жоқ отбасылық проблема деп санайды?», - деген сұрақтар төңірегін-
де ойланады.