Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет55/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   529
Қоғамды зерттеу
Мәселен, әлеуметтанушылар зертгейтін нашақор- 
лық, отбасы бақыты, жоқшылық сияқты проблемалар сізді де бұрын- 
нан алаңдатып жүруі мүмкін. Неге біреулер отбасы бақытына кенелсе, 
екіншілері бақытсыз болып жатады? Неге кейбіреулер заң бұзады, ал 
басқалары заңға бағынады? Бұл сұрақтарға қатысты өзіндік пікіріңіз 
де қалыптасқан шығар. Әлеуметтану - адамның әлеуметтік мінез- 
құлқы туралы түсініктемелерді сыни тұрғыдан зерттейтін академия- 
лық ғылым. Ол нақты болған жайттарды бақылап, межелеу арқылы 
қоғамдық орта туралы түсінігімізді жақсартуға бағытталған. Әлбетте, 
әлеуметтанулық зерттеулер - білім алудың бірден-бір құралы емес. 
Кейбір адамдар керекті нәрселерін Библиядан, Құраннан немесе «Мор­
мон кітабынан» алады. Басқалары жауаптарын ата-аналарынан, теле- 
дидардан немесе интернеттен табады. Мұндай адамдардан: «Осының 
шындық екенін қалай білесіз?» - деп сұрасаңыз, «Анам айтты», «Дей­
ли Шоу» бағдарламасынан көрдім» немесе «Уикипедиядан оқыдым», -
деп оңай жауап қайырады.
Білім алудың бұл тәсілдерінен әлеуметтанудың ерекшелігі сонда, 
ол - эмпирикалық дәлелдерді қажег етеді әрі оны басқа бақылаушы- 
лар қарапайым сезім мүшелерінің көмегімен растауға міндетті. Біз 
оны көріп, естіп, иісін сезіне алуымыз керек әрі ол осы кітаптың ке- 
лесі тарауында айтылатын объективті дәлелдің ғылыми критерий- 
леріне сай келуі тиіс. Ал күнделікті өмірде біз бейресми деректерге 
сүйенеміз, яғни жүйесіз, кездейсоқ дәлелдерге немесе өзіміз көрген 
немесе естіген оқиғаларға негізделген мәліметтерге сенеміз. Мысалы, 
әкеңіз - Пуэрто-Рико азаматы, ал анаңыз ағылшын делік, олар жиі 
үрсысып қала беретін болса, сіз «үлтаралық некелер сәтсіз болады»


46
1-ТАРАУ
деген қорытынды жасайсыз. Ал әлеуметтанушылар мұндай тұжы- 
рымға келмес бұрын лайықты ғылыми әдістерді пайдалана отырып, 
халықтың көп бөлігіне зерттеу жүргізеді, сөйтіп, жан-жақты дәлел 
іздейді. Бейресми деректер жаңа идеяларды сынау үшін және тұжы- 
рымдамаларды түсіндіру үшін өте пайдалы, бірақ әлеуметтік қоры- 
тынды шығару үшін жеткіліксіз.
Барлық зерттеудің екі негізгі мақсаты бар: біріншісі - нақты си- 
паттама, екіншісі - нақты түсіндірме. Әлеуметтануда біз, алдымен 
адамдардың өзара әрекетке түсуінің нақты сипаттамаларын анық- 
таймыз. Мәселен, «Қанша адам некеге тұрады және олар кімге үйле- 
неді?», «Қандай адамдар балаларына қол көтеруге бейім?», «Кімдер 
мектептен шығып қалады?» деген сауалдарға жауап іздейміз. Бұдан 
соң сол заңдылықтарды түсіндіруге тырысамыз. Яғни «Адамдар неге 
үйленеді?», «Неге кейбіреулер балаларын ұрып-соғады?», «Неге бала- 
лар оқи алмай, мектептен шығып қалады?» деген сүрақтар қоямыз.
Зерттеушілер әдетте тапқан нәтижелерін басқалар ғылыми 
жаңалық ретінде қабылдауы үшін қалыпты амалдарды қолданады. 
Әлеуметтік зерттеулерде қолданылатын амалдар зерттеу әдістері, 
статистика және теорияны түзу туралы сабақтарда кеңінен қамты- 
лады. Егер ғылыми зерттеудің нәтижелерін сауатты түрде пайдалан- 
ғыңыз келсе, онда әзірге сіз түсінуге тиіссіз деген бірер идеяны ғана 
таныстырамыз.
Біз жалпы зерттеу барысындағы бес қадамды және соларға сәйкес 
зерттеудің негізгі үш тұжырымдамасын - айнымалы шамаларды, опера- 
циялық анықтамаларды және сынама алуды талдаймыз. Бұл қадамдар 
«Ұғымдар қорытындысы: зерттеу процесі» бөлімінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет