ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ 59
дүлей апаттарды зерттейтін әлеуметтану профессорлары 2005 жылы
«Катрин» дауылының салдарымен күрескен үкіметтік, коммерция-
лық емес ұйымдарға және қауымдастықтарға көмек көрсетуде шешу-
ші қызмет атқарды, қазір де бірнеше ғалым 2011 жылы болған «Ирен»
дауылының салдарларын зерттеп жатыр (Nelson, 2011).
Үкіметтегі әлеуметтанушылар Сондай-ақ әлеуметтанушылар жергілікті және үлттық деңгейдегі
мемлекеттік органдардың бәрінде жұмыс істей алады. Мысалы, АҚШ
Халық санағы бюросында қызмет атқаратын әлеуметтанушылар ха-
лық санының өзгерісін бағамдап, балабақша немесе қаргтар үйін
салу туралы шешім қабылдауда қоғамдық ұйымдарға көмектеседі.
Білім департаментінде әлеуметтанушылар саясаткерлерге стандарт-
ты тестілерді қолдануды көбейту немесе азайту бойынша шешім
қабылдауға жәрдемдеседі. Ал жергілікті, штаттық және ұлттық ден-
саулық сақтау бөлімдерінде әлеуметтанушылар студенттердің көк-
темгі оқу демалысы кезінде немен айналысатынын зерттеп, салауат-
ты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру жөнінде мектептерге кеңес
береді.
Бизнестегі әлеуметтанушылар Әлеуметтанушылар бизнес саласында түрлі қызметтер атқарады.
Кейбіреулер адами қарым-қатынас туралы білімін мекеменің адам
ресурстары бөлімінде немесе гендерлік және этностық әркелкілікке
қатысы бар фирмаларда қолданады. Енді басқалары нарықты зерт-
теу саласында тер төгеді. Мәселен, әлеуметтанушы киножұлдызбен
келісіп, оған бір өнім туралы блог жазгызып, жарнамалау арқылы
сату көлемін көбейтуге бола ма, жоқ па - соған болжам жасай алады.
Әлеуметтанушылар адамның мінез-құлқын жақсы түсінетін-
діктен әрі мінез-құлықты зерттеу жолдарын білетіндіктен, осындай
қызметке маман іздеп жургендер бұл саланың қызметкерлерін қуа-
нышпен қабыл алады.
Коммерциялық емес ұйымдардағы әлеуметтанушылар Коммерциялық емес үйымдарға ауруханалар мен емханалар, әлеу-
меттік белсенді ұйымдар және жекеменшік сараптамалық орта-
лықтар жатады; әлеуметтанушылар осы ұйымдардың барлығында
жұмыс істейді. Мысалы, «СПИД-ті зерттеудің америкалық қорының»
әлеуметтанушылары бей-берекет қатынасқа баруға түрткі болатын
себептерді зерттеп, сақтануға ынталандыратын түрлі стратегиялар-
дың тиімділігіне баға берді. Олар, сондай-ақ СПИД-тің таралуына
тосқауыл қою үшін халыққа ұнай бермейтін шешімдерді, мәселен,
нашақорларға жаңа инелерді тегін тарату сияқты шешімдерді қа-
былдатқызу мақсатында тиісті зерттеу жүргізді.
Әлеуметтанушылардың көбі ғылыммен айналысады, дегенмен
коммерциялық емес ұйымдарда немесе неке, отбасы, сауықтыру
ұйымдарында кеңесші болып жұмыс істейтін әлеуметтанушылар-
дың саны да көбейіп келеді. Әлеуметтанушылар алатын білім пси-
хологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқа кеңесшілер алатын
білімнен өзгеше, бірақ әлеуметтанушылар да жеке проблемалардың