МӘДЕНИЕТ
65
натын ғалымдар біздің мінез-құлқымыз әлеуметтік сенімдердің,
құндылықтардың және тілдің ықпалымен қалыптасатынын түсін-
діруге баса назар салады. Мәселен, құрылымдық функцияшылдар
мәдени құндылықтар әскерге баруға немесе күнделікті дұға оқуға
ынталандыруы мүмкін деп пайымдайды. Мәдениетке қатысты осы
теориялық көзқарас өткен онжылдықтарда кеңінен таралды.
Конфликт әдісі
Ал конфликт теориясының ғалымдары мәдениетке әлеуметтік өнім
ретінде қарайды. Олар: «Мәдениет неге белгілі бір жолмен дамиды?»,
«Бұл үл гілер кімнің мүддесіне қызмет етеді?» - деген сұрақтарға жауап
іздейді.
Бұл ғалымдар, мысалы, үкімет пен корпорациялар теледидарда не
месе фильмде көрсетілетін нәрселерге қалай эсер етуі мүмкін екенін
зерттейді.
Конфликт теориясының өкілдері мәдениеттің қоғамда билік бө-
лінісін қалыптастырудағы маңызын зерттейді. Олар жоғарғы таптың
көзқарастары мен білімін көрсететін мәдени капитал да адамдар-
дың билік пен мәртебеге қол жеткізуіне қаржы капиталы (яғни ақша)
сияқты көмектеседі деп есептейді (Bourdieu, 1984; Lamont, & Fournier,
1992). Егер сіз ешқашан гольф ойнауды үйренбесеңіз, қызыл шарап-
ты талғап таңдай алмасаңыз, операны бағалай алмасаңыз немесе
бес түрлі шанышқымен бес түрлі тагамды қалай жеуді білмесеңіз,
бұл «мәдени мешеулігіңіз» жоғарғы тап өкілдерінің іс-шараларында
анық байқалады. Бұл әлеуметтік ортаның адамымен некеге түруға
я сол ортада жұмыс істеуге қажетті мәдени капиталы жетіспейтін
адам олардай болуға қанша тырысып бақса да күлкіге қалуы мүмкін.
Сондықтан мәдениет әлеуметтік таптарды бір-бірінен бөліп түратын
символдық шекара болып табылады.
Сонымен конфликт теориясы мәдениеттердің бір-бірімен шиеле-
нісі кезіндегі жағдайды талдайды. Біз субмәдениетті, контрмәдениетті,
мультимәдениет пен ассимиляцияның күресін талқылаған тұста осы
тақырыпты тереңірек қарастыратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: