МӘДЕНИЕТ 67 ғы басты айырмашылық осы проблемаға қандай шешім ұсынатын-
дығында. Функцияшылдар бүгінгі қолданыстағы шешімдердің ал-
дыңғы ұрпақтың тәжірибесі мен қателіктері арқылы қалыптасып,
тиімділігіне көз жеткен соң ғана бүгінге жеткенін айтады. Конф
ликт теориясының өкілдері бүл шешімдердің басқаларға қарағанда
әсіресе билік өкілдері үшін гиімді жұмыс істейтінін атап көрсетеді.
Олардың пікірінше, элита мәдениетті өз мүдделеріне сай шешімдер
қабылдату үшін пайдаланады. Екі көзқарастағы ғалымдар да мәде-
ниеттен күнделікті өмірде қайталанып кездесетін көптеген жағдай-
ларға дайын жауап табылады деп есептейді; алайда олардың «бүл ше-
шім кімнің мүддесін қорғайды?» деген сұраққа келгенде пікірлері әр
басқа болып шығады.
Мәдениет - салыстырмалы шама Әрбір мәдениеттің шығарған шешімі бір-бірінен мүлде өзгеше болуы
мүмкін. Мысалы, христиандардың көбі өлген адамньщ денелері «қа-
сиетті» жерге көмілуі керек деп санайды, ал тибеттіктер өлген адам
ньщ денесін таудың шыңына апарып, бөлшектеп, қүзғын-қарғаға
жемтік қылған дұрыс деп есептейді.
Тибеттегі осы «аң-құсқа жем қылу» тәжірибесі дұрыс па, бүрыс
па? Бүл сұраққа осы тәжірибе тибет мәдениетінің бүгінге жеткен үл-
гісімен қаншалықты үйлесетінін білу арқылы ғана жауап бере ала-
мыз. Тибет мәдениеті ағашы селдір, суы аз, қатқақ жерде дамыды.
Сондықтан мәйітті өртеу де, кому де қиын, тігіті мүмкін емес болатын.
Сонымен бірге тибет буддистері адамның қайта тууына (реинкарна
ция) және жаны шыққаннан кейін дененің қажетсіз болып қалаты-
нына сенді. Олар сондай-ақ барлықтіршілік иесіне жанашырлықпен
қарау керек деп есептейді, сондықтан құзғындарды да қоректендіру
қажет. Бұл - ресурстарды тиімді пайдалану болып саналады. Қалай
болғанда да, өлік жөнелтудің осы рәсімі Тибет тұрғындарының бұл
проблеманы оң шешуіне, сөйтіп, тұрақты қоғам құруына көмектесті.
Сондықтан қүрылымдық функцияшылдар бұл тәжірибе нақты пай-
даға асқандықтан жақсы жүмыс істеп түр деп санайды.
Конфликт теориясының өкілдері, керісінше, мәдени тәжірибе
кімге көмектесетінін және кімге зиян келтіретінін зерттейді. Осы-
ган орай, жерлеу мәдениеті Тибет қоғамының барлық мүшелері үшін
тиімді сияқты, бірақ бұл мәдени үлгілердің бәріне қатысты емес.
Қалай алсақ та, конфликт теориясының өкілдері де, құрылым-
дық-функциялық теория ғалымдары да әр мәдени ерекшелік сол мә-
дениет тұрғысынан бағалануы керек деп есеп гейді.
Бұдан