Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет77/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   529
Символдық интеракционизм
теориясының ұстанымы
Конфликт теориясының өкілдері ақпарат құралдарының нені көрсе- 
тетіне баса мән берсе («Телешоуларға қанша қара нәсілді қатысты?», 
«Зорлық-зомбылықты мазаққа айналдырды ма?»), символдық инте- 
ракционистер адамдардың ақпарат құралдарынан көрген нәрселерін 
қалай түсініп, қалай қолданатынын зерттейді. Олар адамдардың мә- 
дениет пен мәдени өнімдерден қандай мән-мағына көретінін саралай- 
ды және бұл мән-мағыналардың әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде 
қалай пайда болатынына назар аударады. Мәселен, осы дәстүрді ұста- 
нушылар махаббат романдарының әйелдерге қанат бітіретін қандай 
қасиеті бар екенін, «Виагра» дәрісінің шығуы еркектердің жыныстық 
ләззаттагы маңызын қалай өзгерткенін, адамдардың неге өздерін 
поп-музыка жұлдыздарына үқсататынын, «этностық» тағамның сол 
этностың өкілдері мен бөтен адамдар үшін мәні қандай екенін (қытай 
кеспесі, италиялық макарон, оңтүстік печеньесі) зерттеген (Loe, 2004; 
Vares 
&.
Braun, 2006; Vannini, 2004; Ваі, 2003).
Құрылымдық функцияшылдар мәдени қүндылықтар көбінесе 
белгілі бір іс-әрекетке ынталандырады десе, символдық интеракцио-
Мәдени капитал жогары 
әлеуметтік таптарды сипаттайтын 
көзқарастар мен білімдерден 
құралады.
І
Ақсүйектер мейрамханасында 
тамаққа тапсырысты талапқа сай 
әрі сенімді түрде беріп, тамақтану 
үшін «мәдени капитал» қажет. 
Жоғарғы таптан (немесе кем дегенде 
ортадан жоғары таптан) шыққан 
үйде тәрбиеленбесеңіз сізде мүндай 
мәдени капитал болмауы ықтимал.
5-251


66
2-ТАРАУ
нистер қандай да бір әрекеттерді ақтау үшін мәдени құндылықтарды 
пайдалануды зерттейді (Vaisey, 2009; Swidler, 2001). Мысалы, көптеген 
америкалықтар Құдай әйелдер мен еркектерді әртүрлі әлеуметтік мін- 
деттерімен қоса жаратқан деп есептейді. Егер экономикалық немесе от- 
басылық жағдайларға байланысты әйел жұмысқа шығуға, ал ер адам 
балаларға қарау үшін үйде отыруға мәжбүр болса, онда сол адамдардың 
көпшілігі осы өзгеріске моральдықжәне діни негіздеме таба алады. Бұл 
мысал мәдени қүндылықтардың белгілі бір әрекеттерге ынталандыру 
мақсатына емес, ақталу мақсатына қолданылатынын дәлелдейді (яғни 
өз іс-әрекеттеріне мәдени тұрғыдан қолайлы негіздеме таба алмаған 
кезде мәдениет адамды мінез-құлқын өзгертуге ынталандырады). Мә- 
дени қүндылықтарға деген осы көзқарас қазір әлеуметтанушылар ара- 
сында кеңінен қолданылады, бірақ соңғы кезде жүргізілген маңызды 
зерттеулер мәдениет мінез-құлыққа әрі түрткі, әрі негіздеме бола ала- 
тынын көрсетіп отыр (Vaisey, 2009).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет