«Күшті арттырудың ең керемет əдісі – спорт. Мейлі
бақшада жұмыс істеу, не йога, би, топтық спорт түрлері,
жүзумен немесе ауыр атлетикамен айналысу болсын, ми
үшін сіздің қандай іспен шұғылданып жатқандығыңыздың
айырмашылығы жоқ. Бұл жағдайда əдеттегі отыру
күйіңізден арылтатын кез келген іс ерік-жігерді
арттырады. Денеге күш түскен кезде ағзада эндорфин
атты гормон бөлінеді. Бұл гормон спортпен айналысып
жатқан сəтте болатын жайсыздық сезімін бəсеңдетеді,
аурудан арылтады жəне эйфория (рахаттану) жағдайын
туғызуға əсер етеді».
Спорттың пайдасы қандай?
•
Ерік-жігер мен дисциплинаны шыңдайды.
•
Эндорфин бөлінуіне жағдай жасайды.
•
Төзімді жəне күштірек етеді.
•
Ағзаны шынықтырады.
•
Көңіл-күйді көтереді.
Егер де денеге дұрыс күш түсіретін болса, бұл бөлімнің ешқандай зиян
тұсы жоқ.
Сонымен қатар, спорт адамды жинақырақ жəне шапшаң болуға
итермелейді. Тек қана бақытты емес, табысты болуға да тікелей əсер
етеді.
Тау-кен өндіру кəсіпорнының иесі, танысым Олег жүгіруді бастаған.
Уақыт өте келе, оның қызығушылығының артқаны соншалық – ол
Ironman жарыстарына қатыса бастады.
Олегтің жарыстарға қатыса бастағанына жарты жыл өткенде
компанияның табысы екі есеге артты. «Жүгіруді бастағаннан кейін
ширақ жəне айқын басшыға айнала бастадым. Ал менің бұл өзгерісім
компанияның айналымдағы жəне жалпы кірісінің артуына алып келді»,
– дейді Олег.
Спорт ғажайыптарды жүзеге асырады. Сеніңіз!
Айтқандай өзге де толыққанды ұйқы, демалыс, дұрыс тамақтану,
өзіңізге күтім секілді салауатты өмір салтының негіздерін ұмыт
қалдырмаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: