тіл болмысты таңбалайтын белгі
деген
ойтұжырым орынды болмақ. Расында, тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің
таңбаларын жасап алып,
оны сөйлеу барысында, мәтін жасау барысында қайта-қайта
таңбалап тұрған іспетті. Сөз ету дегеніміз таңбалау, есім беру дегеніміз – таңбалау, атау
қою дегеніміз – таңбалау.
Конвенционалды белгілер
, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі
нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол
белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай
аламыз. Мысалы, мектептегі қоңырау үні,
зілзала кезіндегі дабыл соғу, шіркеу
звонницасының үні, жұма
намаз алдындағы азан шақыру, жедел жәрдем мәшинесінің
үстіндегі қызыл айшық крест және т.т. Конвенционалды белгілерді
өз алдына тағы да
сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады.
Сигнал
, немесе ишаралар әрбір
мәдениетке сай қалыптасады. Оларды
адам бала шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі.
Мысалы, біздер үшін бас шайқау ишарасы – әлденемен немесе әлдебіреумен келіспеу
дегенді
білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал
индекстер
– ақпаратты сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда арнайы
пайдаланылатын белгілер. Әдетте,
атауынан-ақ, біз пошта индексін еске түсіреміз,
карталардағы, схемалардағы, графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз.