89
8) даму кемшіліктерінің орнын толтыруды, әлеуметтік, коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу жоспарының арнайы
пәндері;
9) медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтер.
Арнайы мектептерде /сыныптарда негізгі орта білім беру деңгейінде оқу
ұзақтығы білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін, оқытудың
баяу қарқынын, оқу бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруге ықпал
ететін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамытушы бөлімдерді жалпы
білім беретін пәндерге енгізу қажеттілігін ескере отырып, 10 сынып есебінен 1
жылға ұлғайтылды.
Еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік,
жергілікті жағдайларға сүйене отырып және
психологиялық-физикалық
дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ
тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе еңбек бейінін таңдау
негізінде өзге
де
заңды
өкілдерінің
мүдделерін
ескере
отырып
ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін
еңбекке баулу бейіндері бойынша типтік оқу бағдарламалары білім
алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып,
мектеп
педагогтері құрастырған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен
бағдарламаларды пайдаланылады. Кәсіптік – еңбекке оқыту (жалпы еңбек
даярлығы), әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, шаруашылық еңбек, қолөнер
сабақтары үшін сыныптар екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды
жинақтау білім алушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, дәрігердің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Білім
алушыларды параллель және сабақтас сыныптардың кіші топтарына біріктіруге
болады.
10-сыныпта зияты төмендеген білім алушыларды
оқыту тереңдетілген
кәсіптік-еңбек
даярлығы
үшін
арнайы
жағдайлар
жасай
отырып
ұйымдастырылады. Мектепте оқу кәсіптік-еңбек даярлығы бойынша емтихан
тапсырумен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру
емтихандарынан босатылуы мүмкін. Ақыл-ойы орташа бұзылған білім
алушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханы
тапсырылмайды.
Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған,
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері
алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады.
Негізгі
мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім
алушылар жалпы орта білім және кәсіп алу мақсатында кәсіптік колледждерде,
кешкі мектепте оқуын жалғастырады.
Зиятында жеңіл және орташа төмендігі бар түлектер осы санаттағы білім
алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады. Зияты төмен білім
алушылар екінші жылға (қайта оқыту) қалдырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: