табиғи
нысандар - Торғай, Ырғыз және Арал өңірінің экожүйелеріндегі
табиғат
байлықтары.
4. «Ақжайық»
мемлекеттік табиғи резерваты – 2009 жылы ұйымдастырылды. Жер
көлемі – 111 500 га. Орналасқан жері - Атырау облысы Махамбет ауданы, Атырау қаласы.
Қорғалатын табиғи нысандар -Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің жағалауындағы
сирек кездесетін жануарлар түрлері.
6-тақырып. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
Мемлекеттік ботаникалық бақтар - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің
сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану
жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми
ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік ботаникалық
бақтардың негізгі қызметіне Қазақстанның өсімдіктер дүниесін
сақтаудың, молықтыру мен
пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар
флора ресурстарын игерудің
ғылыми негіздерін әзірлеу жатады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтар:
Достарыңызбен бөлісу: