Оңтүстік Қазақстан (1976) - жер көлемі 6 258 000 га. Орналасқан жері – Жамбыл
облысының Шу, Сарысу аудандары, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы, Оңтүстік
Қазақстан облысының Арыс, Созақ, Сарыағаш, Ордабасы аудандары. Қорғалатын табиғи
нысандар - Қазақстанның оңтүстік аймағындағы құрғақ далалы, шөлейтті өңірлерінің
табиғат бірлестіктері.
9-тақырып. Мемлекеттік кешенді табиғи қорықшалар. Мемлекеттік табиғи қорықшалар – мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе
бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің
тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Өздерінің функционалдық мақсаты бойынша табиғи қорықшалар мынадай түрлерге
бөлінеді:
кешендік- ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;
биологиялық – өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету
қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;
палеонтологиялық – жануарлардың, өсімдіктердің және олардың кешендерінің қазып
алынатын қалыдқтарын сақтау үшін;
гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) – сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен
кешендерін сақтау үшін;
геоморфлогиялық –сирек кездесетін және бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;
геологиялық және минерологиялық –сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық
түзілімдерді сақтау үшін;
топырақтық – топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін.
Алматы мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы 1953 жылы ұйымдастырылды.
Жер көлемі 542 400 га. Орналасқан жері - Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек
аудандары. Қорғалатын табиғи нысандар - Іле Алатауының табиғи бірлестіктері.
Балқаш маңы мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы 1967 жылы
ұйымдастырылды. Жер көлемі 503 000 га. Орналасқан жері – Алматы облысы Балқаш
ауданы. Қорғалатын табиғи нысандар – Балқаш көлі маңындағы далалы, шөлейтті алқаптың
табиғи бірлестіктері.