1
1
Жетісу
(жоңғар)
Алатауы (2010)
2168
2
2
8
238
52
5-тақырып. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
Еліміздегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
қатарына 2006 жылғы 7-шілдеде екінші рет қайта толықтырылып жарық көрген «Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңында мемлекеттік
табиғи резерваттар деген
арнайы санат атап көрсетілген. Мұндағы «резерват» деген сөз латын тілінің “ reservatus” -
«сақталатын», «қорғалатын» деген мағынаны білдіреді. Табиғи резерваттарда табиғаттың
бірнеше нысандары (өсімдіктері мен жануарлары) қатаң түрде қорғауға алынады да, қатаң
түрде қорғау ережелері бекітіледі.
Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және
олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына
келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын
табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи резерваттарға бөлінген аймақтар табиғат байлықтарын пайдалану
және оларды қорғау мақсатында бірнеше белдеуге бөлінеді:
1.
Қорықтық режимдегі белдеу (ядролық белдеу) - онда генетикалық ресурстарды ұзақ
мерзімге сақтап қалу шаралары қатаң түрде жүргізіледі.
2.
Буферлік белдеу – жаңа экологиялық
тепе-теңдікті сақтай отырып, түрлі шаруашылық
жұмыстарын табиғат қорғау шараларымен үйлесімді түрде жүргізуге
басты назар
аударылды.
Мемлекеттік табиғи резерваттарда жоғарыда айтылған негізгі шаралардың қатарында
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері де назардан тыс қалмайды.
Мемлекеттік табиғи резерваттарда бұлардан басқа қосымша ретінде мынадай жұмыстар да
жүргізіледі:
1.
Экожүйелердегі биологиялық және ландшафтылық алуан түрлілікті
сақтап қалу, әрі
қалпына келтіру;
2.
Табиғат қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;
3.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын кеңінен жүргізу;
4.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағының әлеуметтік-экономикалық
дамуының
тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген табиғатты пайдалану қағидаларын жүзеге
асыру;
5.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағында жүйелі түрде ғылыми-зерттеу және алдын ала
болжау жұмыстарын жүргізу;
6.
Мемлекеттік табиғи резерват аумағында табиғат
байлықтарын ғылыми-зерттеу, туристік
және қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды табиғат қорғау және пайдалану
шараларына сәйкес реттеп отыру көзделеді.
Еліміздегі республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи резерваттар:
Достарыңызбен бөлісу: