Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

 
Батыс -Алтай қорығы 
Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Алтай тау жүйесіндегі биологиялық 
алуантүрлілікті сақтау және қорғау мақсатында, 1992 жылдың 3-шілдесіндегі Қазақстан 
Республикасы Жоғары Кеңесінің №1519 –XII Қаулысымен құрылды.
2008 жылы «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» Мемлекеттік мекемесінің жер 
аумағы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 7-қарашадағы №1054 Қаулысымен 
30 044 гектарға кеңейтілді.
Қазіргі уақытта қорықтың бүкіл жер аумағы 86 122 га құрайды, оның орманды 
жерлері -53 708 га болса, ормансыз жерлері -32 414 га. Лениногор, Алтай қорығы Шығыс 
Қазақстан облысының және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды. 1992 жылы 
құрылған. Жер көлемі 30,73 гектар қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Кокшин 
атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық аймағында Ақ және Қара Уба өзендері мен Кедрово 
және Щербоково көлдері, т.б. кішігірім су жүйелері бар.
Қорықтың климаты Азия және Оңтүстік Сібір аймақтарына тән құбылып отырады.


Қорық негізінен табиғат белдеулерінің тау етегінен бастап субальпі, альпі 
биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас орманды ландшафттарын қорғауға 
бағытталған. Қорық өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 
типі, қылқанжапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. әсіресе, бағалы самырсын, май 
қарағайдың орны ерекше.
Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала, 
бұталар, самырсынды, шыршалы, тайга, субальпі, альпі және биік таулы тундрадан тұрады. 
Әрбір табиғат белдеулерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс-
жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе, субальпі белдемдерінде 
дәрілік өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр және Алтай сарғалдақтарын
бәйшешектердің тұнып тұрған популяцияларын кездестіруге болады.
Альпі белдемдерінің де өсімдік жамылғысы сан алуан. Мұнда шөптесін көпжылдық 
өсімдіктер басым. Топтала өскен аласа қайың, алтай тиындағы, алтын тамыр, марал оты, 
т.б. өсімдіктер кездеседі.
Биік таулы тундра 2000-2200 метр биіктікте жатыр. Бұл белдемде жатаған бұталы 
өсімдіктер, осоктар, альпі мүгі, қырықбуыны, альпі сүттегіні, мойыл, т.б. өседі.
Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңадан 
қолға алынуда. Осы аймақтың фаунасын зерттеуші Б.В.Щербаковтың мәліметі бойынша 
құстар өте көп тіршілік етеді. Кәдімгі бүркітті, қаршыға, лашын, ителгі, сақалта, ақ құр, 
саңырау құр, кекілік, шіл, бөдене, ақ дегелек, үкі, жапалақ, көкек сияқты құстарды жиі 
ұшыратуға болады.
Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, қабырға (құдыр), 
бұлғын көптеп кездеседі.
Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта 
қорық экологиялық мониторингтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ошағына 
айналатынына сенім мол. Себебі, табиғат ландшафттары әлі де болса өзінің алғашқы 
сипатын сақтаған экожүйелер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет