Лекцияның мазмұны -тақырып. ЕҚта туралы Қазақстан Республикасының заңы



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата20.09.2023
өлшемі482,3 Kb.
#181731
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Лекция ЕҚТА (1)

Барсакелмес қорығы 
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтте орналасқан. Аралдың 
жалпы көлемі шамамен 200-250 км
2
. қорық 1939 жылы ұйымдастырылған: ондағы мақсат – 
жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты 
қорғау болды. Десе де, соңғы жылдары Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты 
Аралдың жер бедеріне едәуір өзгерістер енді. Ондағы көлдер кеуіп, олардың орнына үлкен 
көлемді сорлар пайда болды. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршілік етуіне күшті әсерін тигізіп отыр. Бұрын Аралда жоғары сатылы өсімдіктердің 250-
ден аса түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету 
қаупінде. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдік сиреп барады. Қорыққа шөлді аймаққа 
тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық 
және құлан. Алғашында бұл қорық ақбөкендерді қорғау үшін құрылған. Өйткені, мұнда бұл 
аңды жерсіндіргенге дейін оның бар болған 4-5 ешкісі болатын. Одан кейін бұл жерге 
ақбөкеннің 6 текесі мен ешкісі жіберілді. Олар оңай жерсініп, жылдан-жылға сандары 
көбейе береді. Республикамызда қоры азайып кеткен қарақұйрық сияқты бағалы аңдарды 
көбейту үшін оны осы аралға 1930 жылы жерсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі 
табысты болып, бұл жануарлар саны да өсті. 1953-1964 жылдар аралығында 19 құлан 
Түркменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Мамандардың алдында 
олардың саны өскендіктен Қазақстанның басқа шөлді аумақтарына Маңғыстау және 
Алматы облыстарында жерсіндіру жұмыстары қолға алында.
Барсакелмес қорығы аса бағалы хайуанаттар: құлан, ақбөкен, қарақұйрықтарды 
қорғап, олардың санын көбейтудегі мақсатын орындап шықты. Қанаттылардан қорықта – 
қарабайыр бұлдырық, итала қаз, қарақал, ителгі, бөктергі, бозторғай мекендейді. 
Бауырымен жорғалаушылардан жұмырбас және жүгіргіш кесірткелерді, ысылдағыш 
гекконды, қалқантұмсық жыланды ұшырастыруға болады. Көп жылдар бойы қорықта 
тұяқты жануарларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар бойынша 100-
ден астам ғылыми еңбек жарық көрді. Арал теңізінің қазіргі проблемеларына байланысты 
бұл қорықты сақтау, ондағы қазіргі күнде жүріп жатқан табиғи даму процестерді және 
болып жатқан өзгерістерді ғылыми зерттеу ғалымдардың міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет