1
Ақсу-
Жабағылы
1926
131934
Талас
Алатауының
экологиялық
жүйелеріндегі
табиғат
байлықтары
Оң.Қаз. облысының
Түлкібас,
Төлеби,
Бәйдібек аудандары
және Жамбыл обл-
ның Жуалы ауданы.
2
Алматы
1931
71700
Іле
Алатауының
экологиялық
жүйелеріндегі табиғат
байлықтары
Алматы
обл-ның
Талғар,
Еңбекшіқазақ
аудандары
3
Барсакелмес 1939
160826
Арал
теңізіндегі
Барса-келмес
аралындағы шөлейтті
және шөлді алқап- тың
экожүйе-сіндегі
табиғат байлықтары
Қызылорда
облысының
Арал
ауданы
4
Наурызым*
1959
191381
Далалы
аймақтағы
экожүйелердің
табиғат
байлықтары
Қостанай
обл- ның
Наурызым,
Әулиекөл аудандары
5
Қорғалжын* 1968
543171
Қорғалжын-
Теңіз
көлдер
жүйесіндегі
сулы-батпақты
экожүйелердің
табиғат байлықтары
Ақмола обл- ның
Қорғалжын ауданы
және Қарағанды обл-
ның Нұра ауданы
6
Марқакөл
1976
102 979
Оң. Алтай тауының
және
Марқакөл
көлінің
экожүйелерінде-гі
табиғат байлықтары
Шығ. Қаз. обл-ның
Күршім ауданы
7
Үстірт
1984
223342
Үстірттегі
шөлейтті
және
шөлді алқаптың
экожүйелерінде-гі
табиғат байлықтары
Маңғыстау обл-ның
Қаракия ауданы
8
Батыс Алтай 1992
86 122
Оң. Алтай тауының
экожүйелерінде-гі
табиғат байлықтары
Шығ. Қаз. обл-ның
Лениногор
және
Зырян аудандары
9
Алакөл
1998
20 000
Алакөл
өңірінің және
Алакөл
көлінің
экожүйелерінің
табиғат байлықтары
Алматы
обл-ның
Алакөл ауданы және
Шығ. Қаз. обл-ның
Үржар ауданы
10
Қаратау
2004
34300
Қаратау
өңірінің
экожүйелерінде-гі
табиғат бай-лықтары
Оң. Қаз. обл-ның
Түркістан
ауданы
және
Түркістан
қаласы
*
ЮНЕСКО
-ның бүкіл Әлемдік табиғи мұралар тізімінде тіркелген
Ақсу-Жабағылы қорығы
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және
оған іргелес жатқан Өгем
жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылдың 14 маусымында
ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань
тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтарын, табиғи комплекстерінің даму
заңдылығын жан-жақты зерттеу үшін сақтап қалу еді. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік
Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысының,
көршілес
Қырғыз және Өзбек республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын
қамтиды. Мұнда табиғаттың биіктік бойынша таралған шөлейтті, ұсақ шоқылы дала,
аршалы-шабындықты дала, субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты
белдеулері өзіндік табиғи контраст түзеді. Аталған белдеулердің табиғат жағдайлары да
әртүрлі. Соған байланысты ол жерде өсетін өсімдіктер дүниесі де сан алуан. Мәселен, Ақсу-
Жабағылы қорығының территориясында жоғарғы және төмендегі сатыдағы өсімдіктердің
1465 түрі өсетін көрінеді. Соның ішіндегі, сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62
түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайың, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана,
мойыл мен регель алмұрты сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен
аңғарларында орман алқаптарын құрайды. Ал, тамаша аршалы ормандар үлесіне
қорық
жерінің 30 пайызы тиеді. Осы ормандар арасы мен ашық жерлер болса, олар жер бетінде
тербелген әсем гүлдер мен көкмайса шалғынды шөптерден түзілген жасыл кілеммен
көмкерілген. Жасыл желекке оралған бұл өлке, хайуанаттар дүниесіне де өте бай. Мұнда,
қанаттылардың 238 түрі, сүтқоректілердің 42 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі,
қос мекенділердің 2 түрі және балықтың екі түрі тіршілік етеді. Ал, омыртқасыз жануарлар
дүниесі өзінің түр жағынан бай екенін бірден танытады. Қорық жерін мекендейтін
жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа
сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді. Олардан басқа да жемтігін аңдыған жыртқыштар:
барыс немесе ібліс, аю, түлкі, борсықтар да жайлы қоныс тапқан. әсіресе, аса сиреп кеткен
көк суыр, бүркіт, ұлар сияқты аң-құстар өсіп-өнуі үшін қорық жері өте қолайлы.
Фаунасы мен флорасы осындай бай болғандықтан олардың биологиясын, тіршілік
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары қорық ұйымдастырылған алғашқы
жылдардан бастап жақсы жолға қойылған. Бастапқыда қорық табиғатын зерттеумен жан-
жақтан келген
ғалымдар уақытша айналысса, кейіннен яғни 1935 жылдан бастап қорық
штатына енгізілген ғылыми қызметкерлер зерттеу жұмыстарымен жүйелі, әрі тұрақты
түрде айналыса бастады. Солардың негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен
қорғау жұмыстарын жүзеге асыруға қажетті құнды ұсыныстар белгіленіп, олардың
көпшілігі өмірге жолдама алды, табиғат қорғау ісін үлгілі жүргізе отырып, оның маңызын
халық арасында насихаттауға да қорықтың ғылыми қызметкерлері қыруар еңбек етті. Түрлі
басылымдарда жарияланған 400-ге жуық еңбек соның айғағы болса керек.
Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар резерваттар
қатарына жатқызылған.
Достарыңызбен бөлісу: