тіршілік» деген мағынаға сәйкес келеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, биоалуантүрлілік
ұғымы тіршілік деңгейлеріне байланысты айтылатын
ген (молекулярлық деңгей),
түр және
экожүйе деген түсініктерді қамтиды .
1992 жылы Халықаралық деңгейде Жер бетіндегі кез келген тірі организм түрін
сақтап қалу мақсатында биоалуантүрліліктің ғаламдық стартегиясы белгіленді. 1995 жылғы
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 49-сессиясының шешімімен жыл сайын
29 желтоқсан биоалуантүрліліктің Халықаралық күні деп атап өтілетін болып бекітілді.
Қазіргі кезде «Биологиялық алуантүрлілік» деп аталатын Халықаралық бағдарлама
жүзеге асырылуда. Онымен биологиялық ғылымдардың Халықаралық одағы шұғылданады.
Жер бетінде жыл сайын бұрын ғылымға белгісіз болып келген тірі организмдердің
15 мыңға жуық жаңа түрлері табылып, ғылыми тұрғыдан сипатталып жатады. Мұндай
жағдайлар көбіне бұрын адам аяғы баспаған, яғни әлі зерттелмеген Индонезия
аралдарынан, Оңтүстік Америка мен Австралияның тропиктік ормандарында кездеседі.
Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінің салдарынан көптеген түрлер жер
бетінен жойылып та отырады. Мысалы, орыс ғалымдары А.В.Яблоков, С.А.Остроумовтың
ғылыми деректері бойынша соңғы кезде күн сайын бір түр (кейбір мәліметтер бойынша 10-
20 түр) табиғаттан мүлде жойылып кететіндігі анықталған.
Әрбір биологиялық түрдің саны өзінің шектеулі деңгейінен тым азайып кетсе сол
түрдің табиғаттан мүлде жойылып кетуіне тікелей әсер ететіні белгілі. Ірі омыртқалы
жануарлар түрінің саны 100-500 данадан аз болса, ал дене тұрқы шағын омыртқалы
жануардың түр саны 50 мыңнан аз болса олардың мүлде жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан
да, Қызыл кітаптарға тіркелген түрлерді табиғатта бар санына сәйкес түрлі санаттар тобы
бойынша көрсетіледі. Мысалы, жойылып кету қаупі төнген түрлер, сирек кездесетін түрлер,
саны күрт азайып бара жатқан түрлер т.б.
БҰҰ-ның биологиялық алуантүрлілік Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1992
жылы қол қойды. Ал, 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы
қаулысымен бұл салада жүргізілетін іс шаралар белгіленді. 2007 жылы елімізде алғаш рет
үкіметтік емес арнайы