қ, к, п
сияқты қатаң дыбыстарды қажет
жерінде ұяңдатпай айту жиі ұшырасады. Соның салдарынан
күңгөрүу, негерек, аздаңгейін, құрғол, ағала
болып айтылуға
тиіс сөздерді жазылуынша
күнкөру, некерек, азданкейін, құрқол,
ақала
түрінде айтушылық етек алып барады (бұл сөздер бір
ырғақпен айтылатын топтар болғандықтан, біріктіріп жаздық,
әйтпесе олардың жазылуда
күн көру, не керек, аздан кейін, құр
қол, ақ ала
болып, бөлек-бөлек таңбаланатыны аян). Сондай-ақ
бәлгер, сәудегер, шәй, Жәмилә
деп дыбысталуға тиіс сөздерді
жазылуынша
балгер, саудагер, шай, Жәмила
деп айтушылық
та жоқ емес.
Бұл күнде сөз сазына қатысты қиындықтың көзге түсетін
және бір тұсы –
о, ө, е
дауысты дыбыстарының қазақ сөзінің
басында келгендегі айтылуы. Қазақ сөздерінің басындағы
осы дыбыстардың алдында қосамжар
у,
й
дыбыстары айтылуы
238
керек болса, бұл заңдылықты сақтамай, сөздерді «орысша»
айту байқалады:
отан
сөзінің қазақша айтылуы
уотан
болуы
керек,
ел
сөзі орысша айтсак,
эль,
қазақша дұрыс айтар болсақ,
йел.
Сол сияқты сөз басында немесе бірінші буында келген
о,
ө, ұ, ү
еріндік дыбыстарының келесі буындардағы
ы, і, е
де-
ген езулік дауыстыларын өздеріне ұқсатып айтқызатыны да
ескерілмей, сөздердің жазылуынша оқылуы орын алып келеді.
Мысалы,
құрұқ, күлүмгөз, күмүс
деп айтылуға тиіс сөздерді
құрық, күлімкөз, күміс
деп айту әсіресе жастардың тілінде жиі
кездеседі.
Дикторлар мен хабар, концерт жүргізушілердің, оқушы
жастардың сөз сазындағы тағы бір қатесі – сөздердің ешбір
дыбысын түсірмей, әр сөзді немесе біріккен сөз, қос сөздердің
әр бөлігін (компонентін) бөліп-бөліп айтатын тұстарында
көзге түседі (дәлірек айтсақ, құлаққа шалынады). Мыса-
лы,
Құрман ғазының күйі Сары арқа, Ықыластың күйі
Кері толғау, Мұхиттың әні Кіші айдай
деп, ән-күй аттарын
(білдіріп тұрған екі сөздің әрқайсысын бөлек-бөлек айтатын
конференсьелер мен дикторлар жоқ емес. Әрине, олардың бұл
әрекеттегі ниеттері адал, өйткені бұл орайда шығарма аттарын
тыңдаушыға анық етіп жеткізсем дегенді көздейтін болар. Бірақ
сөздің түсінікті, анықтығы әр сөздің жеке-жеке айтылуынан
шықпайды. Сондықтан жоғарғы ән-күй аттары қазақ құлағы
кәнігі түрде қабылдайтын
Сарарқа, Кертолғау, Кішайдай
деген әуенде, яғни екі сөздің аралығындағы дауыстылардың
бірінің «жұтылып» кеткен түрінде айтылуға тиіс, себебі
Сарарқа
атауы
сары
және
арқа
деген сөздердің жеке-жеке
мағыналарынан хабар бермейді, екеуін қосып (тіркестіріп)
айтудан жаңа сөз – жер атын білдіретін жалқы есім болып
тұрғанын нысанаға алу қажет.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларының бұзылуына се-
беп болатын факторлардың және бірі – сөзді ауызша айтудағы
жазба тілдің, жазудың ықпалы, яғни сөзді жазылуынша оқу
дәстүрі.
Әдеби тілді дамытуда, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде,
лексика-грамматикалық және орфографиялық нормаларын
қалыптастырып, көпшілікке жаюда жазудың рөлі зор екені
мәлім. Жазу – бұл күнде әдебиеттің барлық түрін таратудың
239
басты құралы. Осындай орны ерекше жазудың сөзді дұрыс
айту саласына келгенде, ескеретін бір жайы бар. Ол – сөздің
жазылуы оның дыбысталуымен, әсіресе сөйлеу актісінде ай-
тылуымен әрдайым сайма-сай келе бермейтіндігі. Сөзді дұрыс
жазу бар да дұрыс айту бар, яғни сөздің орфографиялық норма-
лары бар да орфоэпиялық нормалары бар. Бұл екеуінің дәлме-
дәл түсетін сәттері де аз емес. Мысалы, сөздердің қалай жа-
зылса, солай оқылатын жерлері болады. Айталық,
кіндігімнің
жас қаны тамған жері – аулым
деген өлең жолының бірер
сөзінен
(аулым – ауұлұм)
басқасы осы жазылған түрінде ай-
тылады. Мұнда дыбыстары бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі сәл
өзгертетін орындар жоқ. Ал көптеген жағдайда сөздер жазылу-
ынша айтылмайды (оқылмайды). Мысалы, Абайдың:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай мен күн шағылса да, –
деген өлең жолдарын дәл осылай жазылғанынша оқу (айту)
– өрескел қате болар еді, яғни «тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиюдің» орнына құлақты кесіп, түрпідей тиер еді. Мұнда
дыбыстардың айтылуда бірін-бірі өз ыңғайына көндірген
сәттері бар, сондықтан:
Жарқетпес / қарагөңүлүм/ неғылсада //
Аспанда / айменеңгүн / шағылсада // –
түрінде оқылып, жазылуы мен айтылуында айырмашылық бо-
лады. Бұл жерде сөздерді соңғы көрсетілгендей айтылуынша
жазу қандай қате болса, жазылуынша оқу (айту) сондай қате
болып шығады.
Сөздерді жазылуынша оқудың өзі де – себепсіз емес. Оны
тек жауапсыздықтан немесе білместіктен деуге болмас. Радио
мен теледидар тыңдаушыларына, оқушылар мен студенттерге,
жиын-жиналыстарға қатысушылар сияқты қалың көпшілікке
қарата айтылған сөздің неғұрлым түсінікті, айқын болуын
діттейміз, ал сөздерді нақпа-нақтап жеке-жеке айтқанда, олар
анығырақ естіледі де түсініктірек болып шығады. Анығы –
анық, бірақ бірді іздеп, екіншіні жоғалтып аламыз: анықтық
бар, сөз сазы жоқ. Мұндайда ой болады және ол ойды білдіріп
тұрған сөздер жеке-жеке түсінікті, анық болады, бірақ олардың
бір-бірімен қиюласқан үйлесімі жоқ болып шығады. Бұл –
сөздерді қазақша айту емес, қазақша тізбектеп өту болып
240
шығады. Алдымызда тілдің өзі емес, фотосуреті көрсетілген-
дей әсер етеді, өйткені ғалымдардың біреуінің тауып айтқа-
нындай, жазу – тілдің фотосуреті іспетті, ал нағыз тілдің өзі –
оның сөйлеу барысындағы көрінісі.
Кейбіреулер актер мен әншілердің, дикторлардың, оқушы-
лардың және жалпы көпшіліктің ауызша тіліндегі жоғары-
дағыдай қателіктерінің басты себебін қазақ тілінің жергілікті
ерекшеліктеріне байланыстырып, содан іздейтін сияқты. Бұл –
дұрыс емес.
Сөз жоқ, қазақ тілінің кейбір дыбыстарының айтылуына
қатысты жер-жерге қарай ажыратылатын айырмашылықтары
бар. Мысалы, әдеби тіліміздегі сөз басында келетін
Достарыңызбен бөлісу: |