241
Бұл жерде жазылуынша оқудың зияны емес, пайдасы тиіп тұр.
Бірақ, әрине, оған қарап, сөздерді жазылуынша оқу пайдалы
деген қорытынды шығаруға болмайды: жергілікті сөздер әдеби
нормадағы сөздердің ішінде теңіздегі тамшыдай ғана, теңізге
зиянды нәрсені тамшыға тигізетін пайда басып кетпейді.
Қазіргі кезде кездесетін орфоэпиялық қателер –
осылар
ғана емес, өзге тұстарда да бары даусыз. Сөзді дұрыс дыбы-
стауда бұл сияқты бұрыстықтардың орын алу себебі неде
деп іздесек, олардың бірнешеу екенін көреміз. Ең бастысы
және ең қауіптісі, әдетке айналғаны – тілге, оның қолданылу
мәдениетіне деген жауапсыздық, немқұрайдылық көзқарастың
орын алып отырғандығы, екіншісі – қалың жұртшылыққа тіл
нормаларын үйретудің, тіл мәдениетіне баулудың әлсіз, жүйесіз
болып келгендігі. Әсіресе қазақша сөйлеу үстінде
сөздерді
дұрыс қиюластырып, ана тіліміздің табиғи дыбыс заңдарына
бағындырып айту нормаларын үйрету сияқты іс-әрекеттердің
мектептерден бастап, барлық ортада, оның ішінде радио, теле-
дидар, театр, сахна өнері сияқты ауызша тілді кеңінен пайдала-
натын жерлерде мардымсыз жүргізіліп жатқандығы. Бұл ретте
орфоэпиялық анықтама құралдардың: сөз сазы ережелерінің,
орфоэпиялық сөздіктердің және өзге де толып жатқан көмекші
материалдардың өте аздығы, бірді-екілі мұндай құралдардың
бір басылымынан екіншісіне дейін
ондаған жылдардың өтіп
жатқандығын баса айтуға болады. Мысалы, А.Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі институты тарапынан ұсынылған «Қазақ
тілінің орфоэпиялық сөздігі» (авторы – Қ.Неталиева, жауапты
редакторы – М.Балақаев) 1977 жылы бір-ақ рет жарық көрді.
М.Дүйсебаеваның мектеп оқушыларына арналған «Қазақ
тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» 1981 жылы шықты.
Сөзді дұрыс айту ережелері берілген құрал («Сөз сазы», авторы
– Р.Сыздықова) «Ғылым» баспасынан 1983, 1995 жылдары бар-
жоғы 1000 дана болып жарияланды. Демек, бұл құралдардың
шыққанына он жылдан астам уақыт өтіп бара жатқаны – сөз,
сөйлеу мәдениетімізді көтеруге сеп болып отырған жоқ.
Ана тіліміздің ауызша қызмет ету өрісі кеңейіп, оған
үлкен әлеуметтік мән беріліп жатқан бұл күндерде сөз сазы-
на арналған мұндай анықтама құралдардың түрлерін көбейту
және мол тиражбен жиі-жиі жарыққа шығару қажеттігі туып
отыр. Осы кітап – сол қажетгікті өтеудің бір ғана құралы.