235
мен лекторларға және жиын-жиналыстарда сөйлеушілерге,
баяндамашыларға қойылады.
Сөздердің бір-бірімен үндесетін дыбыстық заңдарының
күші барлық жерде: күнделікті сөйлеу тәжірибесінде, мектеп
оқушылары мен студенттердің сабақ үстіндегі сөйлегендерінде,
беретін жауаптарында, драма, комедия,
трагедия сияқты пье-
саларда ойнағанда, тақпақ айтқанда, кинода, радио мен теле-
хабарларда, жиналыстар мен митингілерде сөйлегенде бірдей
болғанмен, әр жанрдың, тіпті бір жанрдағы әр шығарма
түрінің, әр жағдайдағы сөйленген сөздің айтылу мәнерінде
айырмашылықтар болады. Мысалы, сөз дыбыстарын «ойна-
тып» әрі белгілі бір өлшеммен жазылған, мақал, мәтел, фразе-
ологизмдерге бай «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды»,
«Айман-Шолпан», «Қарагөз» пьесалары (бәрі де – Мұхтар
Әуезовтікі), Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Қалижан Бекхожиннің «Ұлан
асуы», Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасы, С. Сыматаевтың
«Зар заман» пьесаларының сөздерін айту мен біздің
күндеріміздің тақырыптарына арналған пьесалардың сөздерін
айтудың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Алдыңғылардың тілі дыбыстар гармониясын (сазын)
көбірек
талап етеді, сөздің музыкалығын, әуезді болуын қалайды.
Олардағы ырғақтық-мелодикалық топтардың өзі тілімізде
әбден қалыптасқан, сөздері бір-бірімен ұйқас, өлшем дегендер-
мен «цементтелген», яғни жымдасқан, үндескен болып келеді.
Мысалы, «Еңлік-Кебектегі» Көбей мен Еспембеттің айтысын
алайық. Мұндағы курсивпен теріліп көрсетілген сөздердің ай-
тылуына назар аударыңыз (жазуда бүкіл тексті мүмкіндігінше
транскрипциялап көрсетуге тырыстық, дегенмен сөздердің
сөйлеу актісіндегі дыбысталуын таңбалармен білдіру өте
қиын, яғни транскрипцияда сөздің жазылуы мен айтылуы
айна-қатесіз дәлме-дәл түсе бермейді):
Еспембет. Тобұқтұ /
шайалығығыңды ғылдыңба / білегі
жұуандығыңды ғылдыңба / алалы жылқы / ақтылы ғойұн /
жосұлтұб алдың // ата ғонұсұнан / іргесін аудардың / ай дер
ажа / қой дер қожа / болған жоқ // жетіботұрған жесірімді
/ бір тентегің/ат сауұрұна салыб әкетіб отұр // ағайын //
ұзұнда өштү / қысқада кектімессің // бітім сұрап / кісі салсам
/ бақайыңнан гелтірмейсің //.
236
Көбей. Еспембет /
кеден недем болт / кедергі недем болт /
деб отұрсұң ... қой асығын / қолұңап / қолайыңа жақса / сақа
ғой // саптайаққа / ас құйұп / сабынан /қарауұл ғарайтын
болсаң / мем бійлік айтпайым//.
Бұл үздіктердегі тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) мен
мақал-мәтелдер курсивпен көрсетілді. Бұлар текстің белгілі бір
өлшеммен, ырғақпен айтылуына жәрдемдесіп, айтысушы би-
лер сөзін құлаққа жағымды сазбен жеткізеді.
Тұтасынан өлеңмен, оның ішінде ақ өлеңмен де (ақ өлең
дегеніміз – ұйқасты, ырғақты сөз орайымен берілген мәтін)
жазылған пьесалар тілінің музыкалылығы тіпті күшті болады.
Ал
жай диалогтермен берілген, яғни кейіпкерлерін әдеттегі
ауызекі тілмен сөйлеткен пьесаларда бұл кейіпкерлер, сөз
жоқ, Еспембетше, Абызша, Көбейше немесе Ақан сері мен
Ақтоқтыша сөйлемейді. Әрине, қалыптағы тұрмысқа сай
сөйлегенде де, мақал-мәтелдер мен айшықты сөз тіркестерін
қолданамыз, бұл – пьесаларда да орын алады. Дегенмен Еспем-
беттің сөзі мен қазіргі бір инженердің немесе «қаладан келген
қылжақпастың»
сөзі ішінде мақал-мәтел, ырғақты тіркестер
болғанмен, олардың сөздері дыбысталуы мен сазы жағынан
бірдей айтылмайды.
Бұдан «өткен замандардағы кейіпкерлердің сөзін айту
қиын, қазіргі адамдардың сөзін айту оңай» деген тұжырым
шықпайды: әңгіме – кейіпкердің қай кездің адамы екендігін-
де емес, пьесаның жанрлық ерекшелігінде, қай стильде ұсы-
нылғандығында. Романтикалық стиль көбінесе көтеріңкі саз-
бен, белгілі бір ырғақпен айтуды қалайды. Ал бүгінгі күнделікті
өмір тақырыбына жазылған пьесалардағы кейіпкерлердің дені
әдеттегі сөйлеу үнін ұстанады. Әрине, қазіргі сөйлеу тілімізде
де белгілі нақышқа келтіре ерекше айтатын тұстар аз емес.
Қысқасы,
бұл айтылғандардан, актерлер сахна сөзінде өз-
дері ойнайтын әр пьесаның жанрлық-стильдік сипатын, кейіп-
кердің образын қатты ескерулері қажет. Қай заманды суретте-
ген шығарма болмасын, қай тақырыпқа жазылған пьеса болма-
сын, қай жанрдағы өлең мен мәтін (тақпақ, терме т.т.) болма-
сын – барлығы да қазақ сахнасы мен киносынан, радиосы мен
теледидарынан көркем сөздің құлаққа жағымды келіп, табиғи
түрде айтылуы (дыбысталуы) талап етіледі.
237
Сөзді дұрыс жазу (орфография) сияқты, дұрыс айту да (ор-
фоэпия да) – әдеби тілдің бір қыры. Екеуінің де міндеті – тілді
әркім өз қалауынша, өз білгенінше жұмсамай, оның көпшілікке
ортақ барша заңдылықтарын сақтап пайдалану болып та-
былады. Ондай ортақтық пен ыңғайлылық үшін белгілі бір
орфоэпиялық нормалардың болуы – заңды да, міндетті де. Ол
нормаларды қатаң сақтау, жетілдіру, орнықтыру – қазақ тілінде
сөйлейтін барша жұрттың (әр адамның) борышы. Әсіресе бұл
абыройлы міндет мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің,
сахна қайраткерлері мен әншілердің, жиналыс, жиындар-
да шығып сөйлеушілердің,
дикторлар мен жалпы радио-
дан, теледидардан сөйлеушілердің алдында тұрады. Бұлар
тіл мәдениетінің бір ұшы – сөзді дұрыс айту заңдылықтарын
(ережелерін) берік ұстанып, оларды қалың жұртшылыққа жаю-
шылар, орфоэпиялық нормалардың жоқтаушылары болулары
тиіс.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда бұл талап толық орындалып
отырған жоқ. Сөзді (ойды) ауызша айтуда әрқилы себептерден
болып жатқан қателіктер мен жайсыздықтар орын алып келеді.
Солардың ішінде ең жиі кездесетіні – қазақ тілінің дыбыс
жүйесінің табиғи тәртібі болып саналатын үндестік заңдарын
сақтамай, сөздерді қалай жазылса, солай оқу (айту) немесе
сөздің жеке тұрғандағы
тұлғасы қандай болса, сол күйінде
айту қателігі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: