келдігетті, істүссүз, құбағұп, қыйлығыйлы, күмбөгүн
т.т.
Бұлардың жазылуы:
алма- кезек, қолма-қол, көзбе-көз, қоян-
қолтық., келді-кетті, іс-түссіз, құба- құп, қилы-қилы, күнбе-
күн.
Әсіресе
қ, к
дыбыстарынан басталатын сөздің арала-
рына
ба/бе, ма/ме, па/пе
дәнекерін салып қайталап жасала-
тын түрлерінің
(қолма-қол, көзбе-көз, қарама-қарсы),
екінші
компоненті (сыңары) ұяңдап айтылатынын
(қолмағол, көзбөгөз,
қарама- ғарсы)
қатты ескеру керек.
Сөздерді дұрыс айтуда көңіл аударатын келесі үлкен
мәселе – орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден
енген сөздердің қазақша дыбысталу жайы. Мектептен бастап
үйретіліп келген қағида бойынша, орыс тілінен енген кірме
сөздер қазақша сөйлеуде екі топқа бөлініп айтылуға тиіс: бірін-
ші топқа ертеректе еніп, қазақ тілінің дыбыстық заңдарына
сәйкес өзгеріп қалыптасқан сөздер, сол «қазақыланған»
қалпынша айтылатын сөздер кіреді. Мысалы,
шай, самау-
рын, сиса, сәтен, бәтес, бақал, жәрмеңке, жәшік
сияқты
«тұрмыстық» зат атаулары мен
облыс, болыс, шен, кеңсе, сот,
газет
сияқты дерексіз есімдер орыс тіліндегідей
чай, само-
вар, ситец, сатин, батист, бакалея, ярмарка, ящик, канце-
лярия, суд, газета
болып айтылмай, жоғарыда жазылып көр-
сетілгеніндей, қазақша түрінде айтылады. Бұл сөздер – сан
жағынан аса көп емес, сондықтан олардың емле сөздіктерінде
ұсынылған қалыптарынша айту іс жүзінде көп қайшылық
келтіріп келе жатқан жоқ.
Екінші топқа қазақ тіліне соңғы 50-60 жылда жүздеп-
мыңдап енген, көбінесе ғылыми терминдер болып келетін
сөздер жатады. Емле ережелерінде бұларды сол орыс тіліндегі
252
қалпынша жазу ұсынылды да олар қазақша сөйлеу актісінде
жазылған түрінде айтылатын болды. Бұл ереже түрінде қатаң
ескертілмесе де, сөйлеу тәжірибемізде біршама орнығып,
қалыптасты. Бұған радио мен теледидар дикторларының
сөздері, мектеп пен жоғарғы оку орындарындағы мұғалімдер
мен шәкірттердің сөйлеу мәнері дәлел.
Көптеген тілдердің тәжірибесінде шеттен енетін сөздер сол
сөздерді қабылдаған тілдің фонетикалық заңдарына икемделіп,
өзгеріп айтылады және сол өзгерген түрінде жазылады. Бұл
– тіл табиғатына тән ортақ заңдылықтардың бірі. Осыған
қарамастан, 1940 жылдардан бастап орыс жазуы – кириллица-
ны қабылдаған бірқатар түркі халықтарының тілдерінде орыс
тілінен соңғы кезеңдерде енген сөздерді сол тілдегі қалпынша
жазып, жазылған түрінше айту тәжірибесі орын алды. Бұған,
сөз жоқ, кейде жұқалап, кейде ашық жүргізілген орыстанды-
ру саясаты басты себепкер болды, яғни орыс графикасына
көшуіміз де, міндетті түрде орыс тілін екінші тіл ретінде мек-
тептен бастап үйрену қажеттігі де, жоғары оқу орындарын-
да білім алудың негізі орыс тілінде жүргізілуі де – баршасы
орыс тілінен енген сөздерді «бас-аяғы бүтін» күйінде орысша
тұлғалауға, орысша айтуға итермеледі. Тіл табиғатына қайшы
келетін бұл тәртіп нормаға айналды.
Орыс тілін де едәуір жақсы меңгерген бүгінгі орта және жас
буын қазақтарды бұл құбылыс көп қинамайтыны белгілі, де-
генмен соңғы жылдарда шет тілдік сөздерді ана тіліміздің ды-
быс заңдарына үйлестірмей айту мен жазудың тіл табиғатына
қайшы келіп тұрғаны жайында әңгіме жиі көтеріле бастады,
тіпті бес-он сөзді қазақша сындырып жазып, сол жазу арқылы
оларды қазақша дұрыс айтудың үлгілері деп көрсетіле баста-
ды. Мысалы:
завод, машина, станция, кило
деп жазылып, осы
жазылуы бойынша айтылып келген он шақты сөз
зауыт, ма-
шине, станса
(бұл сөзді қазақша дұрыс жазсақ және дұрыс
айтсақ,
ыстанса
болуы керек),
килә/келі / кілә
деген тұлғаларда
көрінді. Әрине, бұл сөздерді «қазақшалау» қиынға түспейді,
өйткені бұлар – ғылыми термин емес, зат атаулары және олар
күнделікті өмірде ауызша сөйлеу тілінде де жиі қолданылатын
сөздер, сондықтан олар бұрынғы
қамыт, доға, қарындаш,
сіріңке
сияқты сөздердің қатарында сап түзей салады.
253
Қазіргі жаппай сауатты, орыс тілін де меңгерген қазақтар
сөйлеу актісінде
завод, машина, станция, кило
деп айтулары
жиірек кездесуі мүмкін болса да, бұларды «қазақы» тұлғада
ұсыну осы принципті дұрыс деп санаудың үлгісі ретінде орын
алып отыр деуге болады.
Бірақ, сөз жоқ, кірме сөздердің қазақы тұлғасында қолданы-
лу принципінің дұрыстығына, оны әлеуметтік пікірдің қолдап
отырғанына қарамастан, жүздеген, мындаған кірме сөздер мен
шетжұрттық жалқы есімдердің (адам аты-жөндері мен жер-
су атауларының) басым көпшілігі әлі де орысша тұлғасында
жазылып, айтылып отыр. Мұның да еркімізден тыс бірнеше
объективті себептері бар. Ол себептердің бірі – соңғы жар-
ты ғасыр бойы қалыптасқан тілдік тәжірибемізді, яғни лек-
сикалық, емлелік, орфоэпиялық нормаларды күрт бұзу – шым-
шытырық, бейберекеттікке, сауатсыздыққа ұшырататын қаупі
болса, екіншісі – ғылым салаларының басым көпшілігінің
орыс тіліндегі әдебиетпен байланысты екендігінде және әлі де
көп уақыт бұл іліктестік үзіле қоймайтындығында, сондықтан
математика, физика, химия, астрономия, геология сияқты
көптеген салалардың мамандарына орыс, қазақ тілдерінде
біртектес (тұлғалас) терминдерді пайдалану қолайлы екендігін
ескеру қажет сияқты.
Бұл екі себептің ішінде әсіресе дәстүр факторыүлкен
рөл атқарады: тіл тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы әлеуметтік
қолданыста болған сөз немесе жазу үлгісі я болмаса сөзді айту
дағдысы келе-келе бұрыс болса да, нормаға айналады да одан
теп-тез ажырау мүмкін болмай қалады. Айталық, араққа қарсы
күрес науқаны жанданған кезде орысша «трезвость» деген
ұғымның қазақша
салауаттылық
деген баламасы дәл де, сәтті
де емес болғанымен, әдеттегі дәстүріміз бойынша, осы ұғымда
салауаттылық
сөзін күнделікті баспасөз беттерінде үзбестен
қайталап жаза берген соң, радио мен теледидардан ауыз жап-
пай айта берген соң, ол дағдыға айналды. Екінші мысал. Адам
аты-жөндеріне келгенде, оларды екі дауыссыз дыбыстан бастап
жазу атақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын
Сланов
деп жазудан басталып, бұл күнде
Смаханов, Смайылов, Спа-
254
таев
деп жазу етек алып кетті, дағдыға айналып бара жатыр,
бірақ ол дағды нормаға ауыспауға тиіс, өйткені емле ережесі
мұны мүлде көтермейді.
Үшінші мысал. Әр түрлі себептермен сөздерді жазылуын-
ша немесе жеке тұрғандағы тұлғасынша айтудың дағдыға ай-
налу қаупі туып отыр. Бұл өте қате дағдыны нормаға айнал-
дырмау үшін күрес – осы құралдың басты мақсаты. Демек, тіл
тәжірибесіндегі дағдымен күресудің оңай еместігін байқаймыз.
Әрине, дағдылардың баршасы теріс, қатеден бола бермейді.
Осы себептен ондаған жылдар бойы кірме сөздерді орысша жа-
зып, орысша айту көпшілік дағдысына айналғандықтан және
ол дағды ресми норма ретінде қалыптастырылғандықтан, мұны
бір сәтте өзгерту мүмкін еместігін сеземіз. Сондықтан тұлғасы
өзгертілмей енген кірме сөздер орысша тұлғаланғанмен,
орфоэпиялық нормаға келгенде оларды тек қана орыс
тіліндегідей етіп айту шарт емес деуге болады, яғни
химия, фи-
зика, электр, автобус, академия, ассоциация, брокер, валюта,
глобус
деген сөздерді орысша дыбыстауынша айтуға да бола-
ды, қазақыландырып,
кыймыйа, еліктір, әкедемие, бірөкер,
гылобұс
деп айтсаңыз да еркіңіз, қайткенде де бұларды сөйлеу
актісінде не таза орысша түрінде айту керек, не барлығын
қазақыландырып айту керек деген орфоэпиялық қағида
ұсынбаймыз. Егер қазақ жазуы өзгеріп (айталық, латын жазу-
ын қабылдап), кірме сөздердің жазудағы тұлғасы өзгертіліп,
ұсынылып жатса, сол өзгеріп жазылған түрінде немесе соған
жақындатылып дыбыстау норма болмақ. Ал «орыс жазуын»
қолданып отырған қазіргі күндерімізде орыс тілінен енген
орыстың өз сөздері мен халықаралық термин сөздерді орыс
тілі орфоэпиялық нормасы бойынша да, қазақша «сындырып»
та айтуға (дыбыстауға) болады деген «екіұдай» қағида ұсынуға
тура келеді.
255
Достарыңызбен бөлісу: |