Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы  ұ



Pdf көрінісі
бет134/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159
Байланысты:
file-6694

§10.
Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы 
ұ, 
ү, о, ө
дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген 
у
дыбысы (
тауық, бауыр
сияқты сөздерде) келесі буындағы 
ы, 
і
дыбыстарын өзгертіп, 
ұ, ү-
лерге жуықтатып естіртеді (ашық 
буын дегеніміз – 
құ-, кү-, қо-, бұ, бү
-
сияқты дауысты дыбысқа 
бітетін буындар). Мысалы, 
құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, ө-мір
деген сөздер 
кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр 
болып айтыла-
ды. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындар-
да біртіндеп әлсірей береді. Мысалы, 
күмістің 
деген сөздің 
екінші буыны 
ү
-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буында 
і
-ге жуықтау айтылады: 
күмүстің.
Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық 
буындағы 
ө, ү
дыбыстары келесі буындағы
 е
дыбысын өзіне 
жуықтатыңқырап естіртеді, бұл әсердің де күші үшінші, 
төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: 
өнер, кө-ре-ді, 
ө-сер, кө-бе-лек, жү-рек, кү-рек
деген сөздер 
өнөр, көрөді, 
көбөлек, жүрөк, күрөк 
болып айтылады.
Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді 
жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы 
е 
дыбысын 
э 
етіп, 
өнэр, үлэс, өрэн
түрінде айтушылық 
байқалады, бұл – әрине, қате.
Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтып 
көрелік:
Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр //
Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //
(Халық өлеңі)
Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн /
Бірінің / бірішапшаң / ұқпассөзүн //
Көздүңжасы / жүрөктің / қаныменен /
Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн //
(Абай)
Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты 
мен дауыссыздан тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет