265
жалғанады:
күнәға (күнәге
емес),
Күләшқа
(
Күләшке
емес),
Жәмиләға
(
Жәмилеге
емес),
діндарлық (діндәрлік
емес). Айты-
луда да қосымша жуан айтылады.
Осы ережеге сай етіп және өзге ережелерді де ескере оты-
рып, мына үзінділерді дұрыс айтып (оқып) көріңдер:
Талақ етіп бұл ғаламды
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсы жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің...
Ғашық-ақпын еш күмәнсыз,
Ырыс емес, сор үшін.
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін.,.
(Абай)
§12.
Қазақ тілінде
жай, шай
сияқты сөздер қосымшасыз
тұрғанда, жіңішке айтылады:
жәй, жәйт, шәй.
Бірақ бұл
сөздерге де қосымша жуан болып жалғанады да сөз тұтасымен
жуан болып айтылады. Мысалы:
жайсыз (жәйсіз
емес),
шайға
кел (
шәйге
кел емес). Бірінші буыны
жай, шай
болып ке-
летін өзге сөздер де – осындай. Қысқасы,
ж, ш
дыбысы мен
й
дыбысының ортасында келген
а
дыбысы сәл жіңішке айты-
лады. Мысалы,
жайылым, жайлау, жайнау, шайпау, шайлығу,
шайы
(жібек) сөздері
жәйылым, жәйлау, жәйнау, шәйпау,
шәйлығу, шәйы
болып айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: