Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


қ, к дыбыстары ұяңдамайды:  бөркі  (бөрігі емес). Ал жалпы заңдылық бойынша  қ, к



Pdf көрінісі
бет138/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159
Байланысты:
file-6694

қ, к
дыбыстары ұяңдамайды: 
бөркі 
(бөрігі
емес).
Ал жалпы заңдылық бойынша 
қ, к
дыбыстарына аяқталған 
сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар 
жалғанғанда, олар ұяңдауға тиісті: 
балық+ы – балығы, 
күрек+ім
– 
күрегім.
Кейбір сөздерде 
ы, і
дыбыстарының түсу-түспеуі сөз 
мағынасын ажыратуға қатысады. Мысалы, жоғарғы 
көрік
сөзі 
екі түрлі мағынаға ие, егер «адамның көркі» болса, тәуелдік 
жалғауы жалғанғанда, 
і
дыбысы түсіп қалады (
көркім, көркің, 
көркі),
ал ұстаның темір балқытатын 
көрігі
болса, түспейді де 
соңғы 
к 
дыбысы ұяңдап кетеді. Сол сияқты «көпшілік, қауым, 
жұрт
»
мағынасындағы 
халық 
сөзі тәуелденгенде, 
халқым, 


267
халқың, халқы, халқымыз
болып, соңғы 
к
дыбысы ұяңдамайды, 
ал 
Халық 
сөзі жалқы есім болса, 
Сәрсенбайдың Халығы
болып, 
ұяңдап айтылады.
Соңғы буынындағы қысаң 
ы, і
дыбыстары сусып қалатын 
сөздер кейде өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айты-
луы да мүмкін.
Тіпті о баста құрамында 
ы, і 
дыбыстары жоқ 
бұлт, кілт, 
жалт 
сияқты сөздер де өлеңде буын саны жетпей тұрса
бұлұт, кіліт, жалыт
болып айтыла береді. Мысалы, 
ауыл, 
бауыр
сөздері тәуелдік жалғаулармен құбылған кезде, мына 
шумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп, екіншісінде 
түсірмей айтылады:
Аулұмғоңған / Сырымбет / саласына – 11 буын
Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына – 11 буын
Егер мұнда 
ауұлұм
болып айтылса, өлең жолы бір буынға 
артып кетер еді. Ал мына өлеңде буын саны 11 болу үшін, 
керісінше, 
ы, і
дыбыстары түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр:
Атымның / қақтұрады / сауұрұна – 11 буын
Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна – 11 буын
Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп – 11 буын
Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна – 11 буын
Осы ережені сақтай отырып және берілген басқа да 
ережелерді еске алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер 
(кей сөздерде емле ережесі әдейі бұзылып жазылды, оларды 
көрсетіңдер). Өлеңнің буын санын көрсетіп, түсіріліп айтыла-
тын дыбыстарды түсіріп, түсірілмейтіндерін қосып жазыңдар.
Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Жиылысы жандаралдың болады деп,
Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай.
(Біржан)
Қамшы бастым асыға буырылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түнде
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?
(Біржан)
Қонады бір күн жас бұлыт
Жастастың төсін құшақтап.


268
Жөнелді ертең, қалды ұмыт
Көк жүзіне ойнақтап.
(Абай)
Суырып кокте қылышын
Нөсерлі қара төнді бұлыт.
Тарылтып жердін тынысын
Тапа-тал түс болды ымырыт.
Өрістен қашты төрт түлік,
Асыға үйге енді жұрыт.
Салатындай бір бүлік.
Ақырды бейне долы бұлыт.
(Қасым Аманжолов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет