266
Бұл өлеңнің барлық жолы
жа
деген дыбыс тіркесінен баста-
лады және барлығы да
а
әрпі арқылы жазылады, ал айтылуда
бірінші буыны жіңішке естілетін сөздер:
жәйнаған, жәйдақ,
жәйдары, жәйдақтап,
өйткені бұларда
а
дыбысы
ж
мен
й
дыбыстарының ортасында келген.
Өздеріңіз мына үзіндінің дұрыс оқылуын жазып көрсе-
тіңдер.
Жан қысылса / жайтаңдап /,
Жанды еріткен / жайдары-ау.
Жан жай тапса, / сен неге /
Жат мінезсің / жабырқау?
(Абай)
Ойландым да / толғандым,
Ойландым / ойға толмадым.
Жанды қидым / жалындым,
Жайланып, сірә, қоймадым.
(Бернияз Күлеев)
§13.
Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары
жалғанған кезде, екінші буындағы
ы, і
дыбыстары сусып түсіп
қалады. Бұл құбылыс сөздердің айтылуында да, жазылуында
да ескеріліп, түсіп қалған дыбыс түсіріліп айтылады және со-
лай жазылады. Мысалы,
халық, ерін, ауыл, нарық, бөрік
деген
сөздерге I, II, III жақтық тәуелдік жалғауларын жалғағанда,
екінші буындағы
ы, і
дыбыстары сусып түсіп қалады:
халқы
(халықы
емес),
халқым, халқың, халқымыз, ернім, аулым,
нарқы, бөркі.
Мұндайда
Достарыңызбен бөлісу: