257
3) Біріккен сөздердің бөліктері (компоненттері) де бір
ырғақпен
айтылады, сондықтан бұлардың екінші бөлігінің
басындағы
қ, к
дыбыстары алдыңғы компоненттің соңы дау-
ысты дыбыстарға аяқталып тұрса, ұяңдап айтылады:
Жазылуы:
Талдықорған
қаракүйе
қарақұрт
алакөз (құс атауы)
Меңдіқыз
Сарыкөл
Айтылуы:
Талдығорған
қарагүйө
қарағұрт
алагөз
Мендіғыз
Сарыгөл
4) Қос сөздердіңсыңарлары да осы заңға бағынады:
Жазылуы:
баса-көктеп
қара-құра
келе-келе
қора-қопсық
Айтылуы:
басагөктеп
қарағұра
келегеле
қорағопсұ
5) Сөйлем ішінде сөз дауысты дыбыстарға аяқгалып, оған
қатысты
шылаулар
қ
дыбысынан басталса, шылаудың басқы
дыбысы ұяң айтылады:
Жазылуы:
желге қарсы
үйге қарай
елу
қаралы
екі қайтара
үй қасында
Айтылуы:
желгеғарсы
үйгөғарай
елүуғаралы
екіғайтара
немесе
екқайтара
үйғасында
1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап, мына өлең шума-
ғының дұрыс айтылуын (оқылуын) көрсетіндер; ол үшін,
әрине, мұндағы сөздерді
ырғақтық топтарға бөліңдер; бұл
мәтінде ырғақтық топтардың қайсысының айтылуы берілген
ережеге қатысты екенін айтыңдар.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген?
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш
адамға, өзі келген.
Достарыңызбен бөлісу: