Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет117/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
Байланысты:
file-6694

а
йналсам, 
А
лғадайым... 
С
ары- 
арқаны 
с
андалсам, 
с
аңлағымды...
деп ассонанс пен аллите-
рация жасап, 
Алғадай, саңлақ
сөздеріне екпін түсіріп, әке 


233
зарын мейлінше әсерлі етіп беріп тұр. Біркелкі дыбыстар-
ды не буындарды таңдап, қатар тұрған сөздердің басында 
не ортасында келтіру айтылмақ ойға әсерлі оң беріп, образ 
жасауға да қатысады. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек» 
пьесасындағы Абызды сөйлеткенде: «
С
ыбдыр 
с
өзбен шыға-
рып сап, сынайын деп 
к
епсің ғой, 
к
өлгір 
с
өзбен 
к
өлденең 
болғың кепті ғой», – деп,
 с, к 
дыбыстарын ойнатады. Демек, 
бұл рөлді ойнаушы актер аллитерация жасап тұрған дыбыстар-
ды ерекше мәнерлеп айтса, құба-құп болар еді. Екінші мысал: 
«Қарагөз» пьесасындағы Сырымның сүйген жары жынданып 
кеткен сәттегі ышқына күйінген образын беру үшін, оның 
монологіне 
с, з
дыбыстары бар сөздерді шоғырлап келтіреді: 
«Ө
с
ер.., ө
с
ер.., не ө
с
ер?. Тек зұлымдық ө
с
ер нө
с
ер болып 
с
е-
нен. 
С
ор ө
с
ер, ар өшер! Ө
с
кенде тек 
з
ар ө
с
ер 
с
енің лағынет 
табаның астында!». Мұнда да дыбыстардың айтылуы ерекше 
калыптасып, жай сөйлеу нормасынан өзгеше болуы керек
яғни 
с, з
дыбыстарын өзге дыбыстардан бөліңкіреп айтқан аб-
зал, сонда ыза, қайғы, зар буған кейіпкердің образы айқындала 
түседі.
Сөйтіп, көркем әдебиет пен сахна өнері сөз сазы-
на, сөздердің дыбысталу сипатына бейтарап емес екендігі 
байқалады. Сондықтан бұл жайтқа көркем әдебиетті оқытып 
үйрететін мектеп мұғалімдері мен сахна шеберлерін: актер-
лер мен әншілерді, көркем сөз айтушыларды тәрбиелейтін оқу 
орындарының ұстаздары мен режиссерлер назар аударулары 
шарт.


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет