279
Тюль
,
тюльдің
(айтылуы:
тюлдің), тюльге, тюлі
(сөз бір бу-
ынды, бірақ жіңішке
ль
дыбысына аяқталған),
князьдің,
князьдер, князі
(сөз
зь
дыбысына аяқталған және бір буынды
болғандықтан, қосымша жіңішке жалғанып тұр).
Бұл сияқты дауыссыз дыбыстары, әсіресе сөз соңындағы
дауыссызы орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақша
дыбысталуында дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі)
емес, дауыссыздардың айтылу ыңғайы шешуші рөл атқарады.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымша
жалғап, дұрыс айтып көріңдер.
Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь,
бронь, водевиль, виолончель, вестибюль, вымпель, госпиталь.
§25.
Соңғы буынында
е, э, ю
дыбыстары бар кірме сөздерге
қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, солай
айтылады әрі жазылады. Мысалы:
актерлер, актерге, актері,
дирижерлер, дирижері, Петрге, Петрден, дуэтке, дуэті, по-
люске, полюстер, парашютке, парашюті, дуэльге, дуэлі,
велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.
Достарыңызбен бөлісу: