278
Патриархалдық, акварельді, спектакльдік, артельдік, номи-
налдық, вассалдық, вокальды.
§23.
Қазақ тілінде
қ, к, п
деген қатаң дауыссыз дыбыстарға
аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар
жалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап,
ғ, г, б
(кейде
у
) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазу-
да да, айтуда да секеріледі. Мысалы:
тарақ+ым – тарағым,
күрек+і – күрегі, доп+ы- мыз
–
добымыз, тап+ып – тауып,
кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп
т.б.
Бұл ережеге орыс тілі арқылы енген сөздердің де бірқатары
бағынады:
ток – тогы
(айтуда:
тогі), блок – блогы
(айтуда:
блогі).
Ал
п, х
дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер
бұл
ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айты-
лады және солай жазылады. Мысалы:
принцип+і – принципі
(принцибі
емес),
грипп+і – грипі
(«оның
грипі
жұқты»,
грибі
емес),
тип+і – типі (тибі
емес),
кинескоп+ы – кинескопы (ки-
нескобы
емес),
цех+ы
–
цехы (цеғы
емес),
шейх+ы – шейхы
(шейығы
емес),
шах+ы – шахы (шағы
емес).
§24.
Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме
сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі
бойынша
жалғанады, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс
жіңішке болса, қосымша да жіңішке, жуан дауысты дыбыс бол-
са, қосымша да жуан болып айтылады және солай жазылады,
ль
дыбысына аяқталған кірме сөздерге
тек қана тәуелдіктін
ІІІ жағында жіңішке қосымша жалғанып,
жіңішке айтыла-
ды. Мысалы:
фестиваль+ға – фестивальға,
бірақ
фестивалі,
календарь+ға – календарьға, календары.
Достарыңызбен бөлісу: