Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§34. Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ау- ыспалы шағының ІІІ жақтағы жалғауы - ды/-ді



Pdf көрінісі
бет154/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
file-6694

§34.
Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ау-
ыспалы шағының ІІІ жақтағы жалғауы -
ды/-ді
 
түрінде келеді. 
Өлең тілінде, кейде қара сөзде де өлең өлшемі, ұйқасы сияқты 
шарттарға орай бұл жалғау ықшамдалып, жалаң 
-
д
түрінде 
қолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті 
т 
дыбысымен 
де айтылады. Мысалы, Әсет ақынның «Iнжу-маржан» деген 
өлеңінің бірінші шумағы:
Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер 
тілдесет.
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы
Жүрегінен күңіреніп желдей 
есет –
деп келеді. Мұндағы етістіктер әрі ұйқас үшін (бірінші жолдағы 
Әсет
сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11 
буыннан аспауы керек) 
тілдесед, есед (тілдеседі, еседі
деудің 
орнына) болып қолданылып тұр.
Екінші мысалға «Ақан сері-Ақтоқты» драмасынан Ақтоқ-
тының сөзін алуға болады:
Саған көнсем, сүйгенім бе ед?
Көңілім құлағанын қашан көріп ең?
Ақаннан безсем, шыным ба 
еді?
Жүрегімді жерге төсеп,
Әрең айтпап па ем «ие» деп?
Ақан жаққан от бар да,
Сен қатырған мұз бар...
Отым қашан сөніп 
ед,
Мұзым қашан еріп 
ед!...
Осы жолдардың дұрыс айтылуы:
Сағаң көнсөм / сүйгөнүмбет /
Көңүлүм / құлағанын / қашаң гөрүбең //


287
Ақаннанбессем / шынымбет//
Жүрөгүмді / жергетөсеп /
Әрең / айтпаппем / иедеп /
Ақан жаққан / отбарда /
Сеңғатырған / мұзбар /
Отұмғашан / сөнүбет /
Мұзұмғашан / ерібет //
§35.
Қазақ тіліне өзге тілдерден енген сөздердің дұрыс ай-
тылуы жөнінде мына жайттарды ескерген жөн:
1) Қазақ тіліне енген араб, парсы сөздері сол тілдердің ды-
бысталуын сақтамай, «қазақшаланған», яғни қазақ тілінің 
дыбыстық жүйесіне бейімделіп қалыптасқан тұлғада ай-
тылады. Олардың кейбіреулерінің күні бүгінге дейін бір 
тұлғада орнықпай, екі-үш түрлі болып айтылып (және жа-
зылып) жүргені байқалады. Мысалы: 
үрдің қызы
– 
хордың 
қызы – һүрдің қызы; ыждағат – еждиғат, бихабар – бейха-
бар; үкімет – өкімет, ақиқат – хақиқат, есеп – қисап, уәде – 
уағда; шәр – шаһар; әрдайым – әрдәйім, мәлімет – мағлұмат, 
мақұлық – мақлұқ, мәліғұн – мәлғұн, несіп – нәсіп
т.т. Бұндай 
жарыспалы тұлғалардың бірсыпырасы «бас-басына отау тігіп», 
екеуі екі мағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып 
жүр. Мысалы: 
үкімет – 
«правительство»,
 өкімет – 
«власть»,
 
мәлімет – 
«сообщение, справка»,
 мағлұмат – 
«сведение»,
 есеп
–«счет»,
 қисапсыз, қисабы жоқ 
дегендерде 
қисап 
тұлғасы «өте 
көп, мол» дегенді білдіреді. Ал енді бірқатарының бір ғана 
тұлғасы орфографиялық және өзге де сөздіктерде әдеби норма 
ретінде ұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет