Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет6/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
file-6694

вот так 
вот
деген орыс сөздері «кірме сөз» деп атала алмайды. Көркем 
шығармалардың кейіпкерлерінің аузына белгілі бір стильдік 
мақсатпен, әдейі салынатын шет тілдік сөздер де «бөгде тіл-
дік» элемент болып қала береді, олар да «кірме сөз» статусына 
ие бола алмайды. Бұл орайда «бөгде сөз» бен «шет тілдік сөз» 
дегендер – синонимдер болып танылады, өзге тілдерден алып 
жұмсалған сөздерді бұлайша айырып танудың тілдік норма-
ларды сөз етуде мәні айрықша.
Тіл мәдениетін, тілдік норманы сөз ету үстінде жиі 
қолданылатын терминдердің бірі – бірліктер, орысша единица-


13
лар. Бұл да бір сөзбен аталатын қазақша термині қалыптаспай 
келе жатқан ұғым. Көпке (тіпті қазірге) дейін тіл біліміне 
қатысты ғылыми әдебиетте, диссертациялық жұмыстарда, мо-
нографияларда, ғылыми тақырыптағы мақалаларда орысша 
термин 
единица
деген сөзді қолданып келдік, қолданып келеміз. 
Соңғы кезеңде ғана орыс сөздерінен жасалған терминдердің 
әдетте қазақша баламасын іздеп табатын дәстүрімізбен 
еди-
ница 
терминін де қазақша атауға кірістік. Мұны бір ғалымдар 
тұлға-бірлік
деп, енді біреулері 
тұлға
деп, алғашқы кезде тіпті 
дүниелік 
деп әрқилы атай бастадық та енді көпшілігіміз 
бірлік
деген калькаға тоқтадық. Калька деген – әдетте амалсыздың 
күні, алғашқыда ол құлаққа өте жат естіледі. 
Единица 
деген өз 
сөзіне орыс тіл мамандары да алғашқы кезде тосырқап қараған 
болар, бірақ орыстың ғылыми әдебиетінде 
единица 
нағыз 
лингвистикалық термин болып қалыптасып кетті. Біз әзірге 
осы жұмыста көзіміз үйреніп, құлағымыз жаттыққанша біресе 
единица (бірлік)
деп, біресе 
бірлік (единица)
деп жақша ішіне 
не орысша, не қазақша баламасын қоса көрсетіп, екі тілдегі 
атауды да жұмсадық.
Тіл білімінде орысша 
мотив, мотивация
деп ұсынылатын 
ұғымның қолданылуы жиі кездеседі. Мұны да бұрын орысша 
түрінде жұмсап келсек, енді 
уәж, уәждеме
деген қазақша 
сәтті баламаларын ұсынып жатырмыз. Лексикалық нормалар-
ды әңгіме еткенде әдеби нормаға өтуге оңтайлы, мүмкіндігі 
бар сөздерді бұрын 
потенциалдық сөздер
деп келіп едік, енді 
оларды 
әлеуетті бірліктер
деп қазақша жиі атаймыз. 
әлеует
– «потенциал», 
әлеуеттілік
– «потенциальность», 
әлеуетті
– 
«потенциальный» дегендердің қазақша терминдік баламалары 
екенін аңғартамыз.
Тақырыпқа қатысты терминдердің баршасының қазақша ба-
ламасын іздеп табу мүмкін де емес, шарт та емес, сондықтан 
норма, стиль, лексикология, лексикография, диалектология, 
фонетика, морфология, морфема, лексема, сема, фонема, фо-
нология, фонетика 
сияқты халықаралық ғылыми терминдерді 
осылайша қабылданған түрінде пайдаланып отырмыз. Тер-
мин жасау теориясы бойынша абстракт ғылыми атауларды 
мүмкіндігінше бір тілден екінші тілге аударып алуға болады, 


14
өйткені тілдердің қай-қайсысында да әр алуан ұғым аттары бо-
латыны белгілі, тек қиындық семантикалық үйлесімі бар, яғни 
мағынасы жуық келетін қазақ сөзін табуда және оған жүйемен 
келетін жұрнақ түрін жалғауда болады.
Ғылымның қай саласы да бір елде, бір халықта жеке-дара, 
томаға-тұйық дамымайды, тіл жағынан қарым-қатысы күшті 
көрші халықтардағы, тіпті дүние жүзіндегі ғылым жетістік-
терімен, негіздерімен, жаңалықтарымен білісіп, бөлісіп отыру 
– бүгінгі заманның талабы. Басқа тілдердегі, әсіресе Еуропа 
елдері мен орыс қоғамындағы ғылыми әдебиетті оқымай, біл-
мей, бір ғана тілдегі (айталық, тек қазақ тіліндегі) әдебиетпен 
сусындап, ғылым салаларын дамыту мүмкін емес. Сондықтан 
кейбір терминдердің көптеген ұлт тілдеріне ортақ, таныс бо-
лып келуінен қашқақтауға болмайды. Қазақ білімі де осындай 
шарттылықтан тыс тұра алмайды.
Лингвистикалық терминдер жайында бұлайша арнайы сөз 
қозғап отырғанымыздың уәжі бар. Алдымен, термин мәселесінің 
тілдің лексика саласындағы нормалану процесіне тікелей 
қатысы болғандықтан, олардың осы еңбекте кездесетіндерінің 
бірқатарының білдіретін мағынасын, яғни ғылыми дефиници-
ясын айқындап алуды жөн көрдік, бұл әрекетіміз осы еңбекті 
бірқыдыру түсініп оқуға жәрдемдесер дейміз. Бұл жұмыс тек 
тіл мамандары үшін емес, тілді дұрыс пайдалануға ниеттен-
ген қалың көпшілікке, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары 
қызметкерлеріне, мектеп мұғалімдері мен студенттерге, баспа 
қызметкерлері мен жазушы, журналист сияқты қалам иелеріне 
қарата жазылғандықтан, мұндағы ғылыми терминдердің мей-
лінше түсінікті болуын көздедік, ал бұларды жиі қолданған се-
бебіміз – бұл жұмыстың ғылыми – теориялықта, қолданбалы 
– тәжірибелікте сипаты болуы көзделді.
Екіншіден, қазақ тілінің нормалары жайында арнайы тұңғыш 
рет жазылып отырған бұл кітапта қазақша емес терминдердің 
біршама көбірек қолданылған себебімізді дәлелдеуді де жөн 
көрдік.
Бұл жұмыстың «Кіріспесінде» сөз етуге болатын әңгіме 
қырлары көп, дегенмен солардың тақырыпқа қатысты екі-
үшеуін ескертсек дейміз. «Тіл» дегеннің өзін ауызша сөз не-


15
месе айтылған сөз, жазба сөз немесе жазылған сөз деп екі 
түрге бөліп қарастырамыз. Бұл жердегі «сөз» термині тілдің 
қолданыстағы қалпы, орысша «речь» дегеннің баламасы 
ретінде алынып тұр. Тілдік норманы әңгіме етуге келген-
де «тіл» деген жалпы ұғымды бұлайша нақтылап алу және 
оның қолданыстағы қалпын сөз ету – заңды, өйткені «норма» 
дегеніміз – тілдің дұрыстық-бұрыстық сәттері туралы ұғым 
болса, тіл заңдылықтарының дұрыстық-бұрыстығы қолданыс 
үстінде көрінетіні белгілі.
Ауызша сөздің өзі ауызша әдеби тіл және ауызекі сөйлеу 
тілі деп екіге бөлінеді де олардағы сөзқолданыстарында 
айырмашылық болады.
Жазба сөз де біркелкі емес: бейтарап (нейтральный) тілдің, 
яғни ғылыми әдебиеттің, кеңсе-іс қағаздары тілінің, бұқаралық 
ақпарат құралдары тілінің қолданыста өзіне тән нормалары бо-
лады. Бұлар әдетте ресми тіл, қатаң тіл, тұйық стильдер деп та-
нылса, бұл тілдерден көркем әдебиеттің тіл қолданысы мүлде 
бөлек тұрады, ол – ашық тіл, мұнда стильдік тұйықтық жоқ, 
ол жазба тілдің өзге стильдерінің элементтері түгіл, ауызекі 
сөйлеу тілінің бірліктерін де бойына сіңіре алады. Міне, тілдік 
нормаларды танып-танытуда осындай бөліністерді қатты еске-
ру керек.
Тұтас алғанда, тілдік нормалар, әсіресе жазба сөз нормалары 
– мүлде өзгермейтін, «консервіленген» құбылыс емес. Уақыт 
өткен сайын тілдің өзі сияқты, оның әр алуан тұстарындағы 
нормалары да өзгеріп отырады, бірақ бұл өзгерістер түбегейлі 
емес, яғни тілдің барлық нормасы түп-тамырымен өзгермейді, 
жеке сәттері өзгереді және олардың өзі – бір сәттік, кенет бо-
латын өзгеріс емес, ұзақ уақытты алатын қозғалыс болады. 
Сондықтан тілдік норма мәселесін қарастырғанда, тіл дамуының 
белгілі бір кезеңін алып, синхрондық тұрғысынан зерттеу 
(тану) керек. Әрине, ғылым үшін диахрондық аспектіде зерде-
леуге болады, бірақ мұндай зерттеуде, біздің байқауымызша, 
тәжірибеде пайдалы нәтиже күтетін прагматикалық мақсат 
көзделмейді, мұнда тілдің тарихи дамуының объективтік 
заңдылықтарын ашу үшін әрбір тілдік құбылыстың іліктестігі, 
жалғастылық сипаты, өзгерістерінің негізі (себебі) сияқты із-


16
деністер жүргізіледі. Диахрондық зерттеулердің тілдік нормаға 
келгенде ғылым үшін мәні зор болғанмен, қазіргі таңда біз-
ге керек болып отырғаны – синхрондық сипаттағы, яғни дәл 
бүгінгі кезеңдегі қазақ әдеби тілі нормаларының күй-қалпын 
танып-білу және оны тек мамандарға таныту үшін емес, қазақ 
тілін пайдаланып отырған қалың жұртшылыққа таныту, сол 
арқылы тіл мәдениетін көтеру болып отыр.
Дегенмен бұл зерттеулердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет